Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Интернатура мен резидентура студенттері дәстүрлі форматта оқи береді

Опубликовано:

Қазақстандық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу жылы негізінен қашықтан оқыту форматында басталады. Дегенмен, интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі формата жалғаспақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Атап айтқанда, педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыт студенттері қашықтан оқиды. Технологиялық, аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтарының студенттері ішінара қашықтықтан оқиды. Дәріс және семинар сабақтары онлайн өтсе, зертханалық сабақтар және өндірістік тәжірибе дәстүрлі форматта жүргізіледі.

Сондай-ақ алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын болады (бірнеше топ құрылады).

Ал жоғары оқу орындарында студенттер негізінен қашықтан оқыту форматында оқиды.

"Педагогикалық ғылымдар, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар қашықтан оқиды. Табиғи, техникалық және аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар онлайн, зертханалық және практикалық сабақтар штаттық режимде өткізіледі", - делінген хабарламада.

Магистратура мен докторантура бойынша сабақтар ішінара қашықтықтан оқытылады. Ал интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі формата жүретін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданының мектеп оқушылары интернетке қосылуды сұрап, президентке видеоүндеу жолдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868201-internatura-men-rezidentura-studentteri-dstrli-formatta-oki-beredi/

pixel