Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуандармен болған жол апаты: Аман қалғандардың бірі комаға түсті

Опубликовано:

Жамбыл облысында жантүршігерлік апаттан аман қалған спортшының жағдайы нашарлады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, еркін күрес палуаны Шыңғысхан Мұхаметқалиев комада жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық балуандармен болған жол апаты: Аман қалғандардың бірі комаға түсті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қазіргі уақытта апаттан зардап шеккен екі спортшы Нұрдәулет Зауытбек пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев Қордай ауруханасында медициналық бақылауда жатыр. Дәрігерлер Мұхаметқалиевтың жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Дәрігерлер бір күн бұрын спортшыға күрделі ота жасалғанын айтады. Қазіргі тада ол комада жатыр. Мұхаметқалиевті облыс орталығына жеткізетін санавиация ұшағы көмекке шақырылды.

Айта кетейік, оған мидың церебральды ісінуі диагнозы қойылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Нұрдәулет Зауытбектің жағдайы тұрақты екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жол апатынан еркін күрестің палуандары Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазардың қаза тапқанын хабарлаған едік.

Ал спортшы Нұрдәулет Зауытбек пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев жантүршігерлік апаттан ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Жол апатына түскен шетелдік көлікті 21 жастағы алматылық азамат басқарған.

Спортшылар мінген көліктің Алматыдан Таразға бара жатқандығы хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868216-kazakstandyk-baluandarmen-bolgan-zol-apaty-aman-kalgandardy-biri-komaga-tsti/

pixel