Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маман: Вирус марқұмның ағзасында кемі жарты тәулікке дейін сақталады

Жарияланған күні:

Мәйіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық эпидемиологтар коронавирустан көз жұмғандардың мәйітінен вирус жұқтыру қаупі барын айтып, дабыл қақты. Сондықтан мамандар марқұмдарды санитарлық талап бойынша жерлеп, туыстарын сақ болуға шақырып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, СOVID-19-дан қайтыс болғандардың денесінде вирус кем дегенде 15 сағатқа дейін сақталады екен, сол себепті оның өзге адамға жұғып кетуі ықтимал.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-дан қайтыс болғандарды санитарлық талаптарды сақтай отырып, кез келген зиратта жерлеуге болады деген шешім шығарған.

Алайда эпидемиологтар, мұндай жағдайда қауіпті кесел одан сайын өршіп кетуі мүмкін екенін айтады.

"Коронавирустан ажал құшқан адамнан алғашқы екі-үш күн вирус жұғу қаупі жоғары болады. Ол марқұмның ағзасында кемі жарты тәулікке дейін сақталады. Мәйітхана қызметкерлері індеттен қайтыс болған адамды сойған кезде немесе жуындырған уақытта қорғаныш құралдарын кигені жөн. Сондай-ақ, жақындарын жер қойнына тапсыратын жандар санитарлық ережені сақтауы тиіс", - дейді С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология және вирусология кафедрасының меңгерушісі Бақыт Рамазанова.

Ал жауапты департмент өкілдері жерлеу рәсімі арнайы тәртіппен жүзеге асса, бәрі дұрыс болатынын атап өтті.

"Бұл мәселе әлі толық зерттелген жоқ. Ғалымдар түрлі пікір айтады. Бірақ қауіптің бар екенін теріске шығармаймыз. Сол үшін де жерлеудің арнайы алгоритмі әзірленген. Егер осы тәртіпті медицина қызметкерлері мен марқұмның жақындары орындаса, бәрі дұрыс болады. Коронавирустың ауа арқылы тарайтынын ұмытпауымыз керек", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева.

Дереккөз: КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін елімізде өкпе қабынуынан көз жұмғандардың қалай жерленетіні хабарланған еді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, өкпе қабынуынан көз жұмғандарға коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу ержесі қолданылады.

Сонымен қатар Ақтауда 100-ден аса адам жиналған жаназаның видеосы тарап кетіп, көпшіліктің ашуын тудырған болатын.

Желідегілер карантин уақытында шектеу талаптарын сақтамағандарға шүйліккен. Нәтижесінде марқұмның туыстарына әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868320-maman-virus-markmny-agzasynda-kemi-zarty-tulikke-dejin-saktalady/