Алматы облысында коронавирус жұқтырмағанды растайтын жалған анықтама сатылған
Жарияланған күні:
Алматы облысында медицина қызметкері коронавирус жұқтырмағанды растайтын анықтаманы 25 мың теңгеге сатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтаған.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталған.
Ол коронавирусқа теріс нәтиже көрсетілген ПТР тесттің анықтамасын беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде қолға түскен.
Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды", - деп хабарлады Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тапшыны дәріні заңсыз сатқан жансақтау бөлімінің меңгерушісі ұсталғанын хабарлаған едік.
Жалпы елімізде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құқық қорғау органдары COVID-19 пандемиясы кезеңде дәрілік заттарды алып-сатумен айналысудың жолын кесу бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізуде.
Мәселен 5 шілде мен 3 тамыз аралығында дәрі-дәрмектің бағасын көтерудің 522 фактісі анықталған.
Сонымен қатар, оларды заңсыз сату мен дайындаудың 338 фактісі белгілі болған.
Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сату саласында барлығы 869 құқық бұзушылық әшкере болып, оның ішінде 10 қылмыстық және 745 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868350-almaty-oblysynda-koronavirus-zktyrmagandy-rastajtyn-zalgan-anyktama-satylgan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.