Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада әйел ер адам болып танысып, тұрғындарды қақпанына түсірген

Опубликовано:

Ұрлық
Фото: Нұр-Сұлтан ПД

Нұр-Сұлтанда өзін ер адам деп таныстырып, адамдардың ұялы телефонын қолды қылған алаяқ ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, күдікті өзіне қажет жерге хабарласу үшін көшеде жол жөнекей кетіп бара жатқан адамдардың ұялы телефонын сұрап алып, кейін ізін суытқан.

"Әйел ер адамның атымен танысып, қоңырау шалу үшін жол жөнекей кетіп бара жатқандардан ұялы телефонын сұрап, содан кейін ізін суытқан. Өзінің қақпанына түсіру үшін ер азаматқа ұқсайтын келбетін пайдаланған. Әйел адам ұрланған ұялы телефондарды кездейсоқ адамдарға нарықтық бағадан төмен бағамен сатқан", - дейді қалалық ПД баспасөз қызметі.

25 шілде күні күдікті сауда үйінің сыртында қарт әйелге жақындап, шұғыл оның телефонын қолдана тұруға рұқсат сұраған. Телефонды қолына алған бойда, ізін суытқан. Зейнеткер ұрлықтан келтірілген шығынды 30 мың теңгеге бағалаған.

Қазіргі таңда күдікті ұсталған. Азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес алаяқтықтың 4 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, оның республика аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Осы адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, Бейбітшілік, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-61-51; 71-60-69, 8-702-500-97-29 немесе 102 нөміріне хабарласа алады", - деп хабардар етті полициядан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда 45 жастағы қала тұрғынының 15 мың теңгесін қолды қылған 24 жастағы жігіт жайлы жазған едік.

Сондай-ақ, Петропавлда 80 жастағы зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868365-elordada-jel-er-adam-bolyp-tanysyp-trgyndardy-tonagan/

pixel