RU

Қазақстанда бір тәулікте КВИ жұқтырған 907 адам анықталды

Ковид1
Көрнекі фото: pixabay.com

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар 907 науқас анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аймақтар бойынша: (жалпы / асимптоматикалық)

Нұр-Сұлтан қаласы - 182/86

Алматы қаласы - 155/101

Шымкент қаласы - 12/10

Ақмола облысы - 37/22

Ақтөбе облысы - 8/3

Алматы облысы - 40/27

Атырау облысы - 24 / 21

Шығыс Қазақстан облысы - 94/39

Жамбыл облысы - 35/13

Батыс Қазақстан облысы - 51/21

Қарағанды ​​облысы - 85/20

Қостанай облысы - 33/10

Қызылорда облысы - 26/9

Маңғыстау облысы - 32/27

Павлодар облысы - 15/4

Солтүстік Қазақстан облысы - 42/7

Түркістан облысы - 36/25

Республика бойынша барлығы 97 829 жағдай анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 6 тамызда тағы 30 қазақстандықтың коронавирустан көз жұмғанын хабарлаған едік. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған статистикасында айтылған.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша, одан бір күн бұрын елімізде коронавирус белгілері бар пневмониядан 18 адам көз жұмып, атылмыш диагноз тағы 1424 адамнан анықталған.

Айта кетейік, науқастарда COVID-19 белгілері болғанымен, алайда ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 980 адам тіркелген.

Ал елордалық маман коронавирус жұқтырған адам екі-үш айдан кейін қайта ауыруы мүмкін екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868654-kazakstanda-bir-tulikte-kvi-zktyrgan-907-adam-anyktaldy/