Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай күнінде дүниеге келген сәбиге ата-анасы ұлы ақынның есімін қойды

Опубликовано:

Абай күні
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда Абай күнінде дүниеге келген ұлға ұлы ағартушы Абай Құнанбаевтың есімі берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Атырау облысының байланыс қызметі хабарлады. Абай есімді сәби 10 тамызда таңғы 6:40-та дүниеге келді. Анасы Ақмарал Баделованың айтуынша, баланың салмағы 3 келі 565 грамм, бойы - 53 сантиметрді құрайды.

"Отағасымен ақылдасқаннан кейін, ағартушының даналығы мен білімі ұлымыздың бойына дарысын деген ниетпен төртінші баламызға қазақтың ұлы ақыны - Абайдың есімімен беруді жөн көрдік. Дәрігерлер шамамен 15 тамыз күні босанатынымды болжады. Бірақ біздің сәбиіміз Абай күнінде дүниеге келіп, өзінің есімін өзі таңдағандай болып отыр. Үйдегі ақсақалдар да біздің таңдауымызды қолдайды. Абайдың екі ағасы мен әпкесі бар", - деді оның 37 жастағы анасы Ақмарал Баделова.

Атырау облыстық перинаталдық орталығының ана мен бала бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Жұбанышевтың айтуынша, Абай күні орталықта 5 ұл мен 5 қыз дүниеге келген.

"Мұндай күні баланың дүниеге келуі ерекше жағдай деп ойлаймын", - деді Нұрлан Жұбанышев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандықтар 10 тамызда Абай күні атап өтілетінін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, айта кету керек, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 10 тамыз – Ұлы Абай күніне орай ел тұрғындарын құттықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868890-abaj-kninde-dniege-kelgen-sbige-ata-anasy-ly-akynny-esimin-kojdy/

pixel