Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру қоры қызметкерлерінің жалақысы жарияланды

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстандағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының менеджерден бастап басшыларына дейінгі қызметкерлерінің ресми жалақысы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ӘМСҚ-ның баспасөз қызметі компания қызметкерлері ай сайынғы жұмысы үшін қанша айлық алатыны туралы айтып берді. Бұл мәліметтерде менеджерлерден бастап Қордың басшысына дейінгі барлық қызметкерлердің жалақысы туралы айтылған.

Sputnik Қазақстан хабарлағандай, берілген ақпаратқа сүйенсек, компаниядағы орташа айлық жалақы 282 550 теңгені құрайды (салыстырмалы түрде алсақ, 2020 жылы Қазақстандағы орташа жалақы 386 800 теңге болған).

Сонымен бірге жұмысшылардың бір жылдағы жалақысын төлеуге 5,7 млрд теңге бөлінген. Баспасөз қызметі жаңа басшылықтың келуімен ӘМСҚ штаттық қызметкерлерін қамтамасыз ету шығындарын оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оңтайландырудың бірінші кезеңі еңбек шығындарының 119 млн теңгеге төмендетуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, компанияның басқа да бағыттарында шығындардың төмендеуі байқалады.

Баспасөз қызметі жалақылардың нақты мөлшері туралы айта келе, 1 тамыздан бастап аймақтық филиалдарда 620 адамды және орталық кеңседе 230 адамды жұмыспен қамтығанын хабарлады.

Лауазымдар бойынша айлық жалақы келесідей:

  • Менеджерлер: 170 мың теңгеден бастап;
  • Аға менеджер: 250 мың теңгеден бастап;
  • Әкімшілік-басқару қызметкерлері: 300 мың теңгеден бастап;
  • Басқарма мүшелері: 850 мың теңгеден бастап жалақы алады.

Еске сала кетсек, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры заң бұзушылықтар үшін қазақстандық медициналық мекемелерге 4,6 млрд теңгеден астам айыппұл салынған болатын. Медициналық ұйымдар тарапынан жиі кездесетін заң бұзушылық түрі белгілі болды.

Айта кету керек, Қазақстанда заңсыз айналымнан 819 млн теңге сомасына дәрі-дәрмек тәркіленген еді. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша заңсыз айналымнан 9,6 млн-нан астам медициналық бетперделер, 65 мың литр антисептиктер, 819 млн теңге сомасына түрлі дәрілік препараттардың 388,2 мыңнан астам орамасы алынып, аумақтық денсаулық сақтау органдарына берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869016-kazakstandagy-leumettik-saktandyru-kory-kyzmetkerlerini-zalakysy-zarialandy/