13 тамыздағы жағдай: Елімізде тағы 517 адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Ел амауғаныда өткен тәулікте 517 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстанда өткен тәулікте 517 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 239 адам клиникалық белгілері жоқ тасушы", - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 38 / 12
Алматы қаласы - 52 / 23
Шымкент қаласы - 10 / 7
Ақмола облысы - 32 / 14
Ақтөбе облысы - 10 / 6
Алматы облысы - 21 / 20
Атырау облысы - 20 / 19
Шығыс Қазақстан облысы - 85 / 25
Жамбыл облысы - 19 / 8
Батыс Қазақстан облысы - 39 / 23
Қарағанды облысы - 56 / 13
Қостанай облысы - 27 / 9
Қызылорда облысы - 4 / 1
Маңғыстау облысы - 21 / 20
Павлодар облысы - 19 / 6
Солтүстік Қазақстан облысы - 33 / 7
Түркістан облысы - 31 / 26
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 101 372. Жазылып шыққандар саны 76756-ға жеткен.
Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте елімізде коронавирус өсімі тоқтағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміз індеттің ауыр кезеңінен өткен.
Осыдан соң еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин 5 шілдеде енгізілген қатаң карантин режимін кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырған болатын.
Айта кетейік, 17 тамыздан бастап Қазақстан бірнеше елмен халықаралық әуе қатынасын жандандырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869278-elimizde-tagy-517-adamnan-koronavirus-anyktaldy/