Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды (видео)

Опубликовано:

Психотроптық заттар1
Фото: knb.gov.kz

Ақмола облысындағы ҰҚК қызметкерлерінің арнайы операциясы кезінде психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана жойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 30-31 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ІІМ Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде еліміздің үш азаматы мен бір шетелдік ұсталған.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілердің Ақмола облысының аумағында кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар.

Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің "Deep Web, Darknet" көлеңкелі сегментінің платформасында "қойылма" деп аталатын жолмен жүзеге асырылған.

Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдық табылған.

Ұсталған күдіктілер Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Еске салсақ, 27 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында ірі есірткі зертханасын жойды. Ол жерде синтетикалық есірткі өндірілген.

Сонымен қатар 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымды ұстанушыларды тұтқындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869351-akmola-oblysynda-esirtkini-iri-zerthanasy-zojyldy-video/

pixel