Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдар дәрігерлерге құрметпен қараса деймін"

Опубликовано:

Арман
Фото: Аяулым Садуакасова

Қиын кезде адамның басты қасиеті оянады, нағыз қаһармандар пайда болады. Олар –пандемия кезінде айналасына көмектесіп, әлемді жақсырақ, мейірімді қыла түсетін медицина қызметкерлері, волонтерлар, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер.

Қиын кезде адамның басты қасиеті оянады, нағыз қаһармандар пайда болады. Олар –пандемия кезінде айналасына көмектесіп, әлемді жақсырақ, мейірімді қыла түсетін медицина қызметкерлері, волонтерлар, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер.

Kaspi.kz әлеуметтік желіде «Алғыс эстафетасын» іске қосты. Әрқайсымыз Kaspi.kz-тің instagram-парақшасында осындай қаһармандар туралы баяндап, оларға көпшіліктің рахмет айтуына мүмкіндік бере аламыз.

Біз Арман Қасымов туралы айтқымыз келеді. Арман Теңіздегі мұнай компаниясында қаржыгер болып жұмыс істейді. Ал бос уақытында «Жедел жәрдем» дәрігерлеріне көмектеседі.

- Арман, отбасыңыз туралы айтсаңыз. Қайда білім алдыңыз?

- Мен әжемнің қолында өстім. Ол қаржыгер болатын, қалалық, кейін Гурьев облыстық қаржы басқармасынды жұмыс істеді. Кумирі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев еді. Маған ылғи оған теңесуім керегін, адал болып, көп жұмыс істеу туралы айтатын. Жазғы демалыс кезінде әжем мені ауылдағы мектепте химия және биология мұғалімі болып істейтін әкпесіне апаратын. Әжем қазір өмірде жоқ, әкпесі 90 жаста, әлі күнге дейін коммунистік идеяға сенеді. Осы екі адам мені бағып, өсірді.

Мектептен кейін мен Астрахандағы мемлекеттік медицина адемиясына түстім. Кейін оқу ақысы бірнеше рет өсіп, оны төлеу отбасыма қиын болғандықтан қайтып келдім. Кейін Мәскеу университетіне қаржы мамандығына түстім. Тағы да қайтып келдім. Өйткені отбасымыздың асыраушысы, мұнайшы-бұрғылаушы болып еңбек ететін әкем қатты ауырып, қасына келуім керек болды. Бірақ оқуды тастамадым, сыртқы бөлімге ауысып, Қашағанға қоймашы болып орналастым.

- 18 жасыңызда «Жедел жәрдемге» ерікті болып орналасыпсыз. Қалай рұқсат алдыңыз?

- Бар күні әжемнің қан қысымы көтерілді. «Жедел жәрдем» шақырдым, бірақ келетін түрі көрінбейді. Келесі күні «Жедел жәрдем» станциясына ұрсуға бардым. Бас дәрігердің түрінен күші қалмағаны көрініп тұр екен. Түріне қарап ұрысқым келмеді, жәй ғана «ұзақ күту себебін» сұрадым. Ол «шақыру көп, көлік аз», деген әдеттегі жауапты айтты. Шақырулар арасында бригадалар көлік дөңгелегін ауыстырып, ішін тазалап тағы басқа да жұмыстарды істеп үлгеруі керек. Біз үндемей темекі шегіп тұрған сәтте ол «Арман, қалай ойлайсың, мұны түзеу үшін не істей аламыз?», деп сұрады.

Мен сол жерде бірден «Сіздерге мен көмектесейін. Өзім табыс табамын, оқуымды төлеймін, отбасыма көмектесемін, бір ай демаламын, бос уақытты пайдалы іске неге жұмсамасқа», дедім.

Үйден әйелдердің медициналық халатын тауып алдым (бәрі әлі күнге дейін сол халаттағы түрімді еске алып күледі), келесі күні станцияға келдім. Бас дәрігер таңқалды, келеді деп ойламаса керек. Басында мен шақыру арасында көліктердің еденін жудым, салондағы қанды, кірді, құсықтарды тазаладым. Дөңгелек, көлік шамын ауыстырып, бригада үшін тамақ ысытып, шәй қоятынмын. Кейін маған дәрі жинауды сеніп тапсырды. Дәріханаға барып, тізім бойынша дәрі, таңғыш заттар аламын, дәрігер тек тексеретін.

- Сізді шақыруға алды ма?

- Басында алмады. Бірақ бір қыста тұмау асқынды. Желіге бар болғаны 9 «Жедел жәрдем» көлігі шықты. Салыстыру үшін айтсам қазір 46 көлік шығады, бәрі бос емес. Вахтадан келе салып, станцияға барасам маған «бригададағы санитардың орнына барасың», дейді. Зембіл, бикс (дәріге арналған дөңгелек темір контейнер, дәрігерлер әзілдеп «манты пісіргіш» деп атайды) тасисың, зат алып келу, алып кету деген тапсырманы орындайсың. Бастысы маған: «Сұрамай ешқайда кіріспе, ештемеге тиіспе», деді.

Желіге шыққанда түсінгенім бір минут дегеніміз ұзақ уақыт. Бір минутта адамды құтқаруға немесе жоғалтуға болады. Сондықтан мен біздің бригадада бәрі қол астында, дайын болуын қадағаладым.

Арман
Фото: Аяулым Садуакасова

Осылайша вахталық жұмыстан келген соң «Жедел жәрдеммен» үш жыл шақыруларға бардым. Бұл туралы таныстарымның көпшілігі білген жоқ. Кейін Қашағанда бірге жұмыс істеген британдық азамат жергілікті «Ақ Жайық» газетіне мен туралы айтыпты. Осыдан кейін науқастарға көмектесуге барсақ менен«сен әлгі емессің бе?», деп сұрайтындар көбейді. Бірге суретке түсуді өтінеді. Бұл маған ұнамайды, өйткені мен бұл жұмысқа басқа мақсатпен барғанмын. Содан кейін біраз уақыт шақыруға бармай кеттім.

- «Жедел жәрдемде» қанша уақыт тегін жұмыс істедіңіз?

- 12 жыл. Вахтаға бармаған кезімде барлық уақытта «Жедел жәрдемдемін» деуге болады. Осы уақыт аралығында талай жағдайды көрдік. Бір жолы шұғыл шақыру түсті, жолда бірнеше автокөлік соғылған. Біз бірінші болып жеттік, ол жерде қайтыс болған адамдар бар, жарақат алғандар көп. Станциямен хабарлассақ «басқа бригадалар келе жатыр, бірақ алыста», дейді. Дәрігер: «Арман, сорттаумен айналыс!», (бұл – кімнің жарақаты қандай деңгейде екенін анықта деген сөз), деген бұйрық берді.

Оған мені үйреткен. Мен сорттап жүріп, жағдайы ауырлардың көп екенін көрдім, егер бірден көмек көрсетпесе басқа бригадалар келгенше өліп кетуі мүмкін. Мұндай кезде қарап тұруға болмайды. Сондықтан өзім білетін, үйренген нәрсенің бәрін жасауға тырыстым. Кейде дәрігерден сұраймын, олар дұрыс жасадың дейді. Басқа бригадалар келгенше екі ауыр науқастың жағдайын қалпына келтірдім. Қазір дефибриллятор қосып, интубация үшін құралдарды дайындап, қашан, нені беру керегін білемін.

- «Жедел жәрдемде» сізден басқа еріктілер бар ма?

-«Ақ Жайықтағы» мақаладан кейін біраз адам ерікті болғысы келді. Көпшілігі «Жедел жәрдем» жақындарының өмірі үшін қалай күрескенін көрген, дағдарыстық жағдайды өткізген адамдар. Станцияда бірден 30 ерікті жұмыс істеген кез болды. Бірақ шақыруларға ең тәжірибелі, өзін жақсы жағынан көрсеткендерді ғана жібереді.

Кейде келіп, әдемі суретке түсіп, өзі туралы жазып, айтса дейтін «еріктілер» де болады. Тек «таза» жұмысты сұрайтындары да бар. Үйсіздермен, ішкілікке салынғандарға барғысы келмейтіндер де болады. Бірақ бұл қалыпты нәрсе, «Жедел жәрдемде» таза жұмыс та табылады, мысалы, карантинге дейін жігіттер «Жедел жәрдем» станциясының Инстаграмдағы парақшасын ретке келтіріп, біздің дәрігерлердің қалай жұмыс істеп жатқанын көрсете бастады.

Арман и Акбобек
Арман мен волонтер Ақбөбек Тәттібекқызы. Фото: Аяулым Садуакасова

Жалпы «Жедел жәрдем» станциясында жағдай жақсарып келеді. Бұрынғыдай адам тапшылығы жоқ. «Жедел жәрдем» дәрігері, фельдшері мамандығына біздің Атырау медицина колледжі түлектері арасында сұраныс қатты артты. Бұрын мұнда ешкім жұмыс істегісі келмейтін. Қазір өздері жұмысқа алуды сұрайды.

- Карантин кезінде не істедіңіз?

- Қазір Теңізде жұмыс істеймін. Маусымда мені сол жақтан мидағы қан айналымның бұзылуының асқынған түрі деген қауіппен алып келді. Ауруханада жатқан кезде медбике қыздардың бесеуі жабылып ауа баллондарын көтеріп жүргенін көрдім.

Жазылып шыққан соң фейсбукке «қызыл аймақта» жұмыс істейтін ерікті-санитарлар керегі туралы жаздым. Бірінші болып екі жігіт пен бір қыз хабарласты. Мен оларға егер ол жаққа кірсек, ауруымыз мүмкін, сондықтан үйге жақында келмейміз деп ескерттім. Олар келісті, ал дәрігерлер болса біздің көмекті қабылдамауға шарасы қалмады.

«Қатардағы Райанның құмарлығы» фильмі есіңізде ме? Сол жерде одақтастар Нормандияға түскен жерде қарсы жақ пулеметпен атып, бәрінің өлетіні туралы көрініс бар. Ауруханада соған ұқсас болды. Медбикелер жүгіреді, біз жүгіріп жүрміз. «Үшінші палатаға баллон», деп айғайлайды. Жүгіріп жеткіземіз. Кейде үлгермейміз… Басқа палатадан «Жылдам баллон» деп айғайлайды. Ол жаққа жүгіреміз. Сондай режимде жұмыс істедік.

- Жұқтырып аламыз деп қорықпадыңыз ба?

- Бәрі қорқады, бірақ не істей аласыз? Мен қандай кезде жұқтырғанымды да білетін сияқтымын. Қатты ауырып жатқан бір әжеге баллон алып бардық. Серігім екеуміздің көзілдірігіміз терлеп кеткен. Ештеме көрмейміз. Медиктердің көзілдірікті терлетпейтін тәсілдері бар. Алайда көз алдыңда адам өліп бара жатқанда ол туралы ойлауға мұрша жоқ. Сондықтан біз көзілдірікті шешіп, жұмыс істедік. Көп жағдайда дәрігерлерді ақымақтықтан немесе салғырттықпен қауіпсіздікті сақтамайды деп айыптайды. Алайда қорғаныш киімдерімен жұмыс істеу қиын, кейде тіпті мүмкін емес. Сондықтан дәрігерлер өте қиын кезде науқасты құтқарып қалу үшін қауіпке бас тігеді.

Арман
Фото: Арман Қасымовтың жеке архивінен

Мен ауырып қалғаннан кейін ауруханаға қайтып кіргізбейді, дұрыстап емдел, деді. Қуанышқа қарай ол жаққа басқа волонтерлар көмекке барды. Олардың көпшілігі біле тұра қауіпке бас тікті. Отбасыларымен қоштасып, үйіне барып, жұқтырмас үшін бөлек пәтер жалдады. Бірақ арасында чумаға қарсы киімді киіп, суретке түскен соң кетіп қалатындар да бар. Кейбірі жарты күн істеп, артынан бізде бәрі нашар, жүйе шіріп бітті деген сияқты сұхбаттар бере бастайды. Бірнеше баллон тасыды, бітті, осындай шешім шығарады.

Кейбір волонтерлар ауруханадан тыс жерде дәрігерлерді түскі аспен қамтып, дәрігерлер мен науқастарды ауыз сумен қамтып жүр. Әрқайсысы қолынан келгенше көмектесуде.

- Қазір денсаулығыңызды түзеп жүрсіз. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

- Мен өзімді жақсы сезінемін. Тест сауыққанымды көрсетті. Қазір медколледжді бітірген таныстарыммен бірге өз көліктерімізбен достарымызға, таныстарға, бізге хабарласқандарға барып көмектесеміз. Қорғаныш құралдары, тонометр, пульсоксиметріміз бар. Қарт кісілердің түшкіріп қалса, коронавирус па деп қорқып кететіні бар.

Біз барып, қызуын, қысымын, сатурациясын, жүрек соғысын өлшеп, бәрі дұрыс болса «әже, қорықпаңыз, бәрі қалпында, егер керек болса тағы шақырыңыз», деп айтып кетеміз. Біз тек қорықынышты басамыз. Адам мұндайда «Жедел жәрдемді» артық мазаламайды. Осылайша біз дәрігерлердің ауыртпалығын азайтып отырмыз. Егер ауру белгілері байқалса көмек биргадасын шақырамыз. Отырып алып мемлекетті жамандағанша, өзіміз әрекет жасау керек. Мемлекет деген біз ғой.

- Birgemiz: Saýlyq мемлекеттік жобасының аммбассадоры болдыңыз. Осы жоба туралы айтсаңыз?

- Ақпарат министрлігі жалпыұлттық волонтерлық Birgemiz жобасын бастады. Ол бірнеше бағытты, оның ішінде денсаулық саласын да қамтиды. Маған осы бағыттың амбассадоры болуды ұсынды.

Арман
Фото: Аяулым Садуакасова

2020 жылы біз «Жедел жәрдем» ғана емес, хоспис, ауруханалар мен поликлиникалардың жұмысына волонтерларды тарту үшін кездесулер өткізуіміз керек еді. Алайда карантинге байланысты жоспарымыздың бір бөлігін қысқарту ға тура келді. БІрақ, есесіне әлеуметтік желіде адамдар ресми шарасыз-ақ ұсынысқа жауап береді. Денсаулық сақтау саласына волонтерларды тарту деген жоба жүзеге асуда.

Бұрын да біз өзіміз тұрғындар үшін еңбек ұжымдарында, колледждерде, институттарда кездесу ұйымдастыратынбыз. Мен әлеуметтік желіге кімнің бірінші медициналық көмек көрсетуді үйренгісі келеді деп пост жаздым. «Жедел жәрдем» станциясына шақырдық, өзіміз мекемелерге бардық. Дәрігерлер келгенше науқасқа қандай көмек көрсету керек, инфаркт пен инсультті қалай білуге болатынын айттық. Осыдан кейін адамдар бізге ұрыспайтын болды, өйткені «Жедел жәрдем» қалай жұмыс істейтінін түсінеді және бірінші медициналық көмек керек кезде абдырап қалмайды.

Оқушылар
Атыраулық оқушылар бірінші көмек көрсетуге үйренуде . Фото: Арман Қасымовтың жеке архивінен

- Басқа қалаларда «Жедел жәрдемде» еріктілер жұмыс істей ме?

- Менің білуімше те Атырауда ғана бар. Өткен жылы бізге бүкіл ел бойынша Жедел медицина Ұлттық координациялық орталығының басшылығы келді. Олармен мәмілеге қол қойып, 2020 жылы атыраулық тәжірибені бүіл ел бойынша енгіземіз деп келістік. Бірақ тағы да карантинге байланысты бұл жұмысты тоқтатуға тура келді.

- Бұл іспен қашанға дейін айналысқыңыз келеді?

- Менің қолды бір сілтеп кетіп қалатын кезім жиі болады. Мұндай кезде «Жедел жәрдемді» соңғы рет көргім келеді. Бірақ араға апта салып қайта барамын.

Станцияға барған 18 жастағы кезім әлі есімде. Туған қалама, облысыма көмектескім келді. Бұл ұстаным әлі де өзгерген жоқ.Қазір, қуанышқа қарай менің қызметім қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Компания басшылығы менің немен айналысатынымды біледі, қолдайды.

Арман
Теңіздегі вахтада. Фото: Арман Қасымовтың жеке архивінен

Менің отбасым алғашқы кезде сөткелеп «Жедел жәрдемде» жоғалып кететініме жақсы қараған жоқ. Тіпті мұның ұнамайтыны әжемнің де түрінен байқалатын. Бірақ ол ештеме демеді, әйтпесе өзінің өмір бойы құлағыма сіңіргені өтірік болатын еді. Болашақ әйеліммен кездесе бастағанда қарсы болған жоқ, бірақ қуанбады да.

Енді бәрі менің бұл ісімнің пайдалы екенін түсіне бастады (күледі). Егер үйдегілердің біреуіне дәрі егу керек болса медбике іздеп керегі жоқ, бәрін өзім істей аламын. Әйеліме түсіндірген жоқпын, тек станцияға алып бардым, диспетчерлердің қасына отырғыздым, өз құлағымен рация арқылы барлық сөйлесуді естіді, сол жердің атмосферасын сезінді, соңында бәрін айтқызбай-ақ түсінді.

- Қалай ойлайсыз, «Жедел жәрдем» дәрігерлері қаһармандар ма?

- Олар әрбір шақыру кезінде алда не күтіп тұрғанын білмейді. Жол апаты, ерте босану, инсульт, пышақ жарақаты… «Жедел жәрдемнің» міндеті - әр кезде жылдам жағдайға бейімделіп, науқастың жағдайын қалпына келтіріп, ауруханаға жеткізуге үлгеру. Мен үшін бұл нағыз қаһармандық, ерлік.

«Жедел жәрдемде» жұмыс істеу қиын ғана емес, қауіпті де. Бір адам менің көз алдымда ұзақ кешікті, деп ашуланып, дәрігердің басынан үтікпен ұрды. Келесі бір қолын қысып алғаны үшін «жедел жәрдем» шақырған. Біздің «ауыр науқастарға үлгермей жатырмыз, ал сіз саусағыңызды қысып алғаныңыз үшін шақырасыз», дегенімізге ренжіп, итін шынжырдан босатып жіберді. Бүкіл бригада қашып шықтық. Кейін кезегіміз біткенде медбикелер сол фактінің өзін емес, аяқкиімінің жыртылып қалғанын айтып отырды. Олар үшін бұл қарапайым күйбең тірлік.

Арман и Асем
Арман мен «Жедел жәрдем» фельдшері Әсем Назарова. Фото: Аяулым Садуакасова

Адамдар әлеуметтік желіге дәрігерлер туралы түрлі бос сөздерді жазатыны қынжылтады. Мысалы, біздің бригада бір жолы екіқабат әйелді көлікте босандырып алды. Перзентханаға жетпедік. Көпір астына тоқтап, егіздерді босандырып, анасымен бірге облыстық ауруханаға жеткіздік. Артынан инстаграмда «Жедел жәрдем» көпір астында тұр, ал бір жерде оларды адамдар күтіп тұр ғой», деген жазба мен сурет пайда болды.

Астында біздің адресімізге түрлі жағымсыз пікірлер жазылды. Ал босандыру өте қиын болды. Балалардың әкесі де көлікте болған, ол да қиналды. Маған, «бауырым егер бәрі жақсы болса, ұлыма сенің есіміңді беремін», деді. Ол менің түрімді де (бетпердемен болдым), атымды да білмейтін. Кейін «Жедел жәрдем» станциясына хабарласып, мені тауып алып, алғыс айтты. Орыс отбасы, бір ұлын Станислав, бір ұлын Арман деп атады. Ол балалар қазір мектепке барып жүр.

Тағы бір жолы біреу менің «Жедел жәрдем» көлігінде отырып, дөнер жеп отырғанымды түсіріп алыпты. Ол жолы да «Жедел жәрдем» тоқтап, тамақ ішіп отыр, деп жазды. Ал біз күні бойы қала мен облыс ішінде жүріп, түскі, кешкі асты ішпегенбіз.

Мен сырттан келген адаммын ғой. Маған осы салада көмек көрсетуге рұқсат бергенімен, дәрігер емеспін. Оларға ұрсып жатқанда маған да қатысы бар сияқты көрінеді. Бірақ мен олардың жұмысын қасында жүріп онда не болып жатқанын, әрбір адам өмірі үшін қалай күресетінін көрдім. Адамдардың мұны білгенін, олар туралы үстіртін ойламауын, дәрігерлерге құрметпен қарауын қалаймын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869366-adamdar-drigerlerge-krmetpen-karasa-dejmin/

pixel