Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин жеңілдетіледі: Министр қалыпты өмірге оралудың алғышартын атады

Опубликовано:

коронавирус город 02
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде 17 тамыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин шаралары жеңілдетілетіні белгілі болды. Осыған орай Алексей Цой азаматтардың қалыпты өмірге қалай оралатыны туралы әңгімеледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің ресми telergam-арнасына сілтеме жасап.

Ведомство басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы баяндап, шектеу шараларын жеңілдету жөніндегі ұсыныстарын жеткізгенін атап өтті.

Айтуынша, індеттің таралу өсімі тоқтап және медицина мамандарының жүктемесі азаюын негізге ала отырып елімізде карантиндік шараларын біртіндеп жеңілдетуге шешім қабылданған.

"2020 жылғы 17 тамызынан бастап барлық өңірлерде сауда ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін кәсіпкерлік субьектілерінің қызметі жанданады
Сонымен қатар, бассейні жоқ фитнес орталықтар, бассейні жоқ моншалар мен сауналар, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары, ашық ауадағы аттракциондар жұмысын бастайды. Ескеретін жәйт, аталған субьектілер мейлінше жартылай қуаттылықпен жұмыс істегені дұрыс. Тұтынушыларды топтап қабылдауға болмайды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер үшін қызметкерлердің 80% қашықтан еңбек ету ережесін сақтауы ұсынылады", – деді Цой.

Сондай-ақ ол демалыс күндері шектеу шаралары сақтала беретінін тілге тиек етті.

Айтуынша, жұмыс күндері карантиндік шаралар жеңілдегенмен, демалыс күндері карантин тәртібі қатаң сақталады. 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуы шектеледі. Қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтайды және демалыс күндері жұмысқа баруға тыйым салынады. Сенбі-жексенбіде тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмысына рұқсат етіледі.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекіткен болатын.

Алайда, бірқатар нысандардың жұмысына әлі де тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869435-karantin-zeildetiledi-ministr-kalypty-mirge-oraludy-algysartyn-atady/

pixel