Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойсыз тұрмысқа шықтым": Дина Төлепберген өз құпиясын жұртқа жайып салды (фото)

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Дина Төлепберген. Фото: instagram

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген осыдан 8 жыл бұрын ақ көйлек кимей-ақ және той жасамастан тұрмысқа шыққанын айтып берді. Белгілі журналист отбасылық өмірге қалай қадам басқаны туралы қызықты оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті таңғалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Дина Төлепберген өзінің instagram парақшасында мәлім етті.

БАҚ саласының өкілі дүркіретіп той жасамай-ақ тұрмыс құруға болатынын "өзі тексеріп көргенін" айтып, нәзік жандыларға кеңес берді.

"Қыздар, сендерге бір құпиямды айтайын. Мен тұрмысқа тойсыз шыққан жанмын.

Бұл осыдан 8 жыл бұрын болған еді. Әлі есімде, таңертең күн борандатып тұрды. 15-ші желтоқсан. Мен будильникті таңғы сағат 07.00-ге қойғанмын. Бірақ түні бойы ойланып, көз ілмеген соң, таңсәріде тәтті ұйқыға батыппын. Оянсам, 09.15. Енді қайттім?! 15 минуттан кейін болашақ күйеуім келуі керек. Абыр-сабыр. Сасқаннан қолыма ілінген джинсыды киіп алыппын. Бетімді, тісімді жуып үлгердім әртеуір.

Сөйтіп, АХАЖ бөліміне кірдік. Неке туралы куәлікке қол қойып, құжатты алып кете саламын деп ойлағанмын. Жоқ, сондағы маман "как положено" сұрақтарды қойып, ресми түрде бізді ерлі-зайыпты етті. Сол күні студияға барып, тағы Астарлы ақиқатты жаздым.

Арада 5 жыл өткеннен кейін отбасымызбен осы фотосессияны жасадық. Мұндай ақ көйлекті кию арман болатын. Ал қазір атақты брендтердің өздері киіңізші деп өтінеді.

Меніңше, тойды дүркіретіп өткізудің еш қажеті жоқ. Тойсыз да бақытты болыңыздар!", - деп жазды ол өз парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін желіде жантебірентерлік жазбасымен бөлісіп, көпшілікті ойландырып қойған Сәбит Әбдіқалықов туралы жазған едік. Өнер иесі жариялаған әсерлі мәтін толықтай өзіне арналғандай көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869496-tojsyz-trmyska-syktym-dina-tlepbergen-z-kpiasyn-zrtka-zajyp-saldy-foto/

pixel