Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

Опубликовано:

Полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбеде полиция қызметкерлері көпірден секірмек болған қызды құтқарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе патрульдік-күзет қызметі 11 шағын ауданындағы көпірден секірмек болған 22 жастағы қызды құтқарды. Кезекті шақыртудан келген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мақсат Махин мен Нұрбек Кенжеханов 11 шағын ауданы мен Құрмыш ауданы арасындағы көпірден қыздың секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түскен кезде, бірден көмекке жүгірді.

"Оқиға орнына келген полицейлер көпір қоршауының жанында тұрған қызды көрді. Өзара әңгімелесу жүргізген олар қызды ұстап алып, көпірден алып түсті. Содан кейін №2 қалалық полиция бөліміне жеткізді. Белгілі болғандай, қыз отбасылық жанжалдан соң өз-өзіне қол жұмсамақ болған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында төртінші қабаттың терезесінен үш жасар бала құлап кетті.

Отбасы бес қабатты үйде тұрады, терезелері ПВХ-дан жасалған. Терезеге орнатылған шыбын-шіркей торы жақтауға шыққан баланың салмағын көтермеген. Ересектер үйінде болғанымен, терезе ашық тұрған. Бала алған жарақат салдарынан көз жұмды.

"Өкінішке орай, осындай жағдайлар көп қабатты үйлерде жиі болып тұрады. Бүгінгі таңда пәтерлердің көбінде ешқандай күшті қажет етпей, оңай ашуға болатын пластик терезелер орнатылған. Балалар терезенің жақтауына шыққанды жақсы көреді. Алайда, қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған және желдету үшін шалқасынан, жартылай, жоғары жағын ашылған терезе – бала үшін қауіпті екендігін естен шығармаған жөн.

Ересек адамның бір сәтке көңіл бөлмеуінің салдары қайғыға алып келуі мүмкін. Ешқашан шыбын-шіркей торына сенбеу керек.

Олар конструкциясы жағынан жеңіл және тек жәндіктерден немесе терек мамықтарынан қорғаныс ретінде қызмет етеді. Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция қызметкерлері бүлдіршіндердің терезеден құлау мәселесіне ересектердің назарын аудару үшін профилактикалық ролик жасады",- деді басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869615-aktbede-kpirden-sekirmek-bolgan-kyz-ktkaryldy/

pixel