Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин Алматыдағы карантиннің қалай жеңілдетілетінін айтты

Жарияланған күні:

карантин маска
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг кезінде қаладағы карантиннің қалай жеңілдетілетінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы ірі сауда орталығы және сауда жасаушылардың көбісі өзге өңірлерден келеді. Қазір біз Тоғжановтың төрағалығымен өткен республикалық комиссияның шешімін басты назарға алып отырмыз", - деді Бекшин.

Оның айтуынша, салтанатты, жаппай спорттық шаралардың, кинотеатрлар, музейлер, көрмелер, бассейндер, жағажайлар мен аквапарктердің, діни нысандар, халықаралық автобустардың және т.б. жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.

Ал жекелеген жаттығуларға және 5 адамнан аспайтын топқа, 30 адамнан аспайтын олимпиадалық жаттығуларға, үш адамның саябақтарға баруына рұқсат етіледі. Автобустарда үнемі дезинфекция жасалып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, санитайзерлерді пайдалану керек.

"Сондай-ақ СОСО, сауда үйлері, жабық базарлардың жұмыстары кезең-кезеңімен қайта жанданады. Толымдылық 30%-дан немесе бір келушіге 4 шаршы метрден аспау керек. Сұлулық салондары, СПА орталықтар, косметологиялық процедуралар көрсететін нысандар алдын ала жазылу бойынша, бір адамға 4 шаршы метрден.
Бала бақшадағы кезекші топтар 15 адамнан аспай, аттракциондар ара қашықтық пен келушілерге маска талаптарын сақтауы керек.
Ал фитнес орталықтар бір келушіге 5 шаршы метрге дейінгі ара қашықтықты сақтап, 4 адамнан артық болмау және бассейнсіз, сондай-ақ алдын ала жазылу және толымдылық 50% аспау талаптарын сақтауы керек", - деді санитарлық дәрігер.

Тамақтану орындары үстелдер арасында 2 метр, орындықтар арасында 60 см ара қашықтығын сақтауы керек. Сондай-ақ қызметкерлер қолғап пен қорғаныш экрандарын киюлері керек.

Өндіріс және құрылыс нысандарында медициналық пункттер болып, онда барлық талаптардың сақталғаны қадағаланып, ауырғандарды дер кезінде жұмыстан босатуы керек. Жұмысқа жеткізу үшін жеке немесе қызметтік транспорт қолданылуы керек.

Ал бизнес орталықтарда қызметкерлер маска мен қолғап киіп, нысанның толымдылығы бір келушіге, сондай-ақ қызметкерлер арасында 4 шаршы метр болуы керек. Сонымен бірге нормалардың сақталуын еріктілерде бақылайтын болады.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде 439 адамнан коронавирус анықталып, 34 адам қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869640-beksin-almatydagy-karantinni-kalaj-zeildetiletinin-ajtty/