Алматы маңындағы жол апатынан аяғы ауыр әйел мен күйеуі қайтыс болды
Жарияланған күні:
Алматы-Көкпек-Көктал бағытында жантүршіктірерлік жол апаты орын алып, аяғы ауыр әйел мен оның күйеуі қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, Құлжа тас жолында алты көлік соғысқан.
Көліктердің бір бөлігі бір бағытта, екіншісі басқа бағытты келе жатқан. Олардың не себепті соқтығысқаны әзірге белгісіз. Істің мән-жайы мұқият тексеріліп, куәгерлерден жауап алынуда.
Алдын ала болжам бойынша, апат қарсы бағыттағы жолға көліктердің бірі шыққаннан басталған. Автокөлікке кіріп кеткен шағын автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай басқа бір көлікке соғысқан. Шағын автобус соққан жеңіл көлік бірнееш рет аударылған.
Ал басқа көліктер тежегішті басып үлгермей келесісіне соғысқан. Жедел жәрдем келгенше куәгерлер кқмек көрсеткен. Азаматтар жол апатына ұшыраған көлік ішінен адамдарды шығарып алған.
Жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендер көп. Бірнеше адам әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілген. Екі адам оқиға орнында қайтыс болды. Олардың отбасылық жұп екені хабарланды. Марқұм келіншектің аяғы ауыр болған.
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында көлік жүргізу куәлігінен айырылған жүргізуші жол ережесін бұзып, салдарынан екі адам көз жұмған еді.
Сондай-ақ, 3 тамыз күні қазақстандық спортшылар мінген көлік апатқа ұшырап, үш балуан оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі ауыр жарақат алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869653-almaty-mayndagy-zol-apatynan-aagy-auyr-jel-men-kjeui-kajtys-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.