"Өлтірем деп қорқытты": Тәжікстанда 46 жастағы азамат 12 жасар қызға үйленген
Жарияланған күні:
46 жастағы азаматтың 12 жасар қызбен некелескенін құқық қорғау органдарына хабарлаған душанбелік әйел өзіне қысым жасалғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.
“Қамауға алынған соң ол мені өлтірем деп қорқытты. Қатты үрейленіп қалдым. Кедей, сауатсыз болсам да, қызымды қорлауға жол бермеймін", - дейді 34 жастағы А.Б.
Тәжікстанның ішкі істер министрлігі 5 тамызда "Давлат қажы" есімімен танымал Давлатманд Касировтың ұсталғанын хабарлады.
Сино ауданының 46 жастағы тұрғыны 12 жастағы қыздың ата-анасына айтпай, алдау арқылы онымен некелескен.
Касировтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Касиров бұған дейін де екі әйел алsg, кәмелет жасқа толмаған қызға әлімжеттік көрсеткені үшін жауапқа тартылған.
"Ахбори ВКД" ("ІІМ жаңалықтары") бағдарламасының телерепортажында Давлатманд Касиров 12 жастағы қызбен діни "никеге" отырғанын мойындады.
"Біз Касировке тиесілі пәтерді жалдап тұрдық. 700 сомони төледік. Жұмыстан шығып қалған соң, мен оның дүкенінде істедім. Жұмыс ақысына азық-түлік алдым. Менің кіші қызым Довлат қажының әйеліне үй шаруасын жасауға көмектесіп жүрді. Бір күні ол маған жүгіріп келіп, Қажының 12 жастағы қызымды ұрып жатқанын айтты. Мен оның себебін сұрағанымда, ол: "Сенің шаруаң болмасын, ол менің заңды әйелім", деп жауап берді", - дейді А.Б.
Айта кетерлігі, 2011 жылы Тәжікстанда 18 жасқа толғандар ғана некелесе алатыны туралы заң қабылданды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869678-ltirem-dep-korkytty-tzikstanda-46-zastagy-azamat-12-zasar-kyzga-jlengen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.