Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин жеңілдетіледі: Елордалықтар қандай талаптарды сақтауы тиіс

Опубликовано:

карантин нұрсұлтан
Көрнекі фото: http://astana.gov.kz/

17 тамыздан бастап карантин шаралары кезең-кезеңмен алынғанымен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары бірқатар талапты сақтауы тиіс. Аталған талаптар елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның қаулысында көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, елордада ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын, жиналыстарды, жиындарды және тағы басқаларын өткізуге тыйым салынады.

Спорт жаттығулары тек ашық ауада жеке тәртіппен және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын топтарда ғана өткізуге болады.

Бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтарды қоспағанда,табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарларды ұйымдастыруға және өңірдің көрікті жерлеріне шолу жасауға, сондай-ақ жағажайларда шомылуға тыйым сақталады. 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу қала береді.

Аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат беріледі.

Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүріп-тұру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) маска кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау ережесі қала береді.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда қауіпті індеттің құрығына іліккендер саны 102 696-ға жетті.

"15 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда 409 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгісі жоқ 213 тасымалдаушы тіркелді", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869688-karantin-zeildetiledi-elordalyktar-kandaj-talaptardy-saktauy-tiis/

pixel