Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Бақыт шындықты айтқаны үшін жұмыстан шығарылғанын хабарлады

Опубликовано:

журналист
Фото: Facebook/Жанат Бақыт

Белгілі журналист, тележүргізуші Жанат Бақыт эфирде коронавирусқа байланысты шындықты айтқаны үшін Алматы арнасынан жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Жанат Бақыт бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Эфирден кеттім. Не үшін? "Неге?" хабарына шығып шындықты айтқаным үшін. Алматы қаласының саясатына қарсы келгенім үшін. Тілсіз қуыршақ болмағаным үшін. "Екінші толқын дейсіздер, сіздер бірінші толқынға дайын болмаңыздар, қанша қандасым өлді!" дегенім үшін", - деді ол жазбасында.

Тележүргізуші адамдар індеттен өліп жатқанда үнсіз қарап тұра алмағанын ашып айтты.

"Алматы телеарнасы кешіріп қоярсыздар, қазағым шыбынша қырылып жатқанда, қарапайым парацетомол таппағанның кесірінен қазағым өліп жатқанда, оттегі аппаратының жоғынан туысым өліп жатқанда мен үнсіз тұра алмадым. Айтқаным үшін емес, үндемегім үшін өзімді кешірмес ем. Сол себепті еш өкінбеймін. Халық арасында ақиқатында не болып жатқанын біреу айту керек қой?" , -деді Жанат Бақыт.

Оның cөзінше, қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналған.

"Шындықты айтқан адамды жұмыстан шығара берсе эфирде ешкім қалмайтын шығар. Қалса да қаймақ емес көк суы қалар... Парақшаңа тыр жалаңаш фото қойсаң, бұл – норма, бірақ шындықты жазсаң-эфирде көрінбеуің керек.

Журналистика – төртінші билік деуші еді, олай емес, қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналды. Өкінішті. Сондықтан мен үшін бүкіл программаны жабудың қажеті жоқ, әріптестерімді жақсы көрем, өзім-ақ кетемін.

Мен эфирден кеткеніммен, эфир менен кете қоймас" деді Жанат Бақыт.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Алан "әйелдер ерлерге еркелегеннен басқа мақсатпен жаратылмаған" деген жазбасы үшін қызметінен кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869708-zanat-bakyt-syndykty-ajtkany-sin-zmystan-sygarylganyn-habarlady/