Дина Төлепберген: Өмірдегі бірінші пәтерімді 22 жасымда алдым
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген баспаналы болмай тұрып, жалдамалы пәтерлерде тұрған кезін есіне алды. Белгілі журналист бір үйден екіншісіне көшіп, біраз қиналғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дина Төлепберген 22 жасында қалай пәтер сатып алғаны туралы бар шындықты айтты. Журналист баспанасын несиеге алып, бірнеше жыл бойы оны төлеп жүрген.
Тележүргізуші өз үйі болмай тұрғанда жолдамалы пәтерлерде тұрған кезін есіне алып, оқырмандарымен бөлісті. Оның сөзінше, ол құрбыларымен бірге 20-30 мәрте көшкен.
Оған қоса, ақпарат өкілі ақшаны той жасауға шашқанша, одан да үй салуға жұмсаған жөн екенін жеткізді.
"Той туралы пост жыр болып жатыр. Ал мен болса, көпшіліктің тойсыз да бақытты болуға болатанын айтып жатқанын оқып, бақытты болып жүрмін. Енді тойдан кейінгі этапқа өтейік. Үйлену оңай, үй болу қиын. Мен өмірдегі бірінші өз пәтерімді 22 жасымда алыппын. Алғандай қалай, кредитке алғанмын ғой. Әлі есімде, Нұр-Сұлтан қаласында екі бөлмелі әлі салынбаған пәтер 7млн теңге тұрған. Несие алу үшін 700мың теңге құю керек еді.
Менің мақсатым қайтсем де сол 700мың теңгені табу болды. Ал қалған ақшаны қалай төлеймін? Ол туралы ойлағам жоқ. Сөйтіп, жұмыс пен эконом режимін қостым. Бір апаның үйіне үш қыз боп, подселениеге барып тұрдық. Әлгі апамыздың ұлы бар еді. Жақсы-ақ кісі көрініп еді. Сөйтсек кейде қатты ішеді екен. Сөйтіп бір күні қорыққанымыздан далада қалғанбыз. Кейін көшіп кеттік.
Қанша мәрте көштім десеңіз. Оны енді есептей алмайтын шығармын. 20-30 рет. Өйткені кредит алған соң, әлгі пәтердің соғылып біткенін тағы екі жыл күттім емес пе. Қысқасы, қиын болмай қызық жоқ. Айтпағым, тойға шығындалғанша, сол ақшаны пәтер алу, үй салуға жұмсаған абзал. Бұл менің жеке пікірім" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869775-dina-tlepbergen-mirdegi-birinsi-pterimdi-22-zasymda-aldym/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.