Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіміз де сағындық": ДСМ кинотеатрлардың неге ашылмайтынын түсіндірді

Опубликовано:

кинотт
Көрнекі фото: pxhere.com

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі ОКҚ өткен онлайн брифингте кинотетарлардың ашылуына неліктен рұқсат берілмей жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Онлайн брифинг кезінде БАҚ өкілдері басқа нысандар секілді кинотетарларда келушілердің санына шектеу қойып, ара қашықтық пен санитарлық ережелерді сақтаса болар еді деген пікір айтты.

Бағдат Қожахметов бұл субъективті пікір екенін, дәрігерлердің ойы басқаша екенін жеткізді.

"Олар кинотеатрлар, бассейндер, SPA және басқа да адам көп жиналатын жерлер жаппай жұқтыру қаупін тудырады деп есептейді", - деді Қожахметов.

"Біздің өзіміз киноға наурыздың басында бардық және қатты сағындық. Бірақ ашылуын күте тұру керек", - деді спикер.

Еске сала кетсек, бүгін денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны жұмыс істейтін адамдар өз қалталарынан салдыруы керек деген пікір айтты.

Ведомствоның ресми өкілі Бағдат Қожахметовтың айтуынша, Қазақстанда тегін вацинаны 65 жастан асқандар және созылмалы аурулармен ауыратын азаматтар, жалпы қауіп тобына кіретін 2 миллиондай адам алады.

Бұған дейін қазақстандық вакцинаны құрастырушы Леспек Құтымбетов күзде ел азаматтарына вакцина салына ма деген сауалға жауап берді.

Айтуынша, шешімді денсаулық сақтау министрлігі, үкімет және президент қабылдайды. Егер бұл идея мақұлданса, Құтымбетов өзінің әріптестерімен бірге препаратты дайындап, пайдалануға беруге уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869863-zimiz-de-sagyndyk-dsm-kinoteatrlardy-nege-asylmajtynyn-tsindirdi/

pixel