Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда мемлекеттік қызметтер заңнамасын бұзу деректері азайды

Опубликовано:

брифинг
Фото: Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы жанындағы "Қоғамдық коммуникация орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Маңғыстауда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасын бұзу деректері азайды. Бұл туралы 14 тамыз күні қоғамдық коммуникациялар орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұргүл Жанназарова мәлімдеді.

ҚР Президенті аса мән берген мәселенің бірі – халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы.

Ағымдағы жылдың 6 айында аумақтық департаментке тұрғындардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 20 өтініш түскен. 4 өтініш бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, 3 арыз иесінің уәждері өз дәлелін тауып, 3 адамның құқықтары қорғалды.

Азаматтар көбінесе «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» саласында көрсетілетін қызметтерге шағымданған.

Мысалы, Департаментке тұрғыннан келіп түскен арызда Атамекен ауылдық округі әкімінің аппаратында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қаражат ала алмай жүргендігі жөнінде жазған.

маңғыстаулық
Фото: Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасы жанындағы "Қоғамдық коммуникация орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тексеру кезінде, аппарат қызметкерлерімен қызмет алушының құжаттары (учаскелік комиссияның қорытындысы) Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту орталығына жолданбағандығы анықталды. Яғни қызмет көрсету үрдісі әрі қарай жүргізілмей, аяқталмай қалған.

Осының салдарынан, қызмет алушыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмай, арыз иесінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері өрескел бұзылған.

Тексеру нәтижесімен Департаментпен нұсқама беріліп, аппараттың жауапты қызметкері «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды. Арыз иесіне құқықтары толықтай түсіндіріліп, АӘК алу үшін тұрғылықты жері бойынша әкімдікке немесе жұмыспен қамту орталығына жүгіну керектігі ұсынылды.

Спикер аумақтық департаментпен 2020 жылдың 6 айы бойынша жалпы саны 385 (өткен жылы -7811) бұзушылықтар анықталып, өткен жылмен салыстырғанда 20 есеге азайғандығын жеткізді.

Қызметтердің бизнес-процесстерінің бұзылу деректері ең жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарында екендігі талдау нәтижесімен анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869873-magystauda-memlekettik-kyzmetter-zanamasyn-bzu-derekteri-azajdy/

pixel