jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады

оқу
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, мынадай мерзімдер анықталған:

  • 2020-2021 оқу жылының басталуы - 1 қыркүйек 2020 жыл;
  • 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады, 2-11 (12) сыныптар - 34 апта.

Оқу жылының демалыс кестесі: 1-11 (12) сыныптар үшін: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл), қысқы каникул – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі каникул – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл);

1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (8-14 ақпан 2021 жыл).

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға қарамастан, оқушылардың демалысы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген болатын.

"Қашықтан оқуға қарамастан, балалар қатты шаршайды. Сол себепті демалыс кестесі өзгертілмейді", - деп түсіндірген министр.

1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші класс қарастырылған.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті Ақордада қабылдағанын жазған болатынбыз.

Оның алдында Асхат Аймағамбетов үкіметтің онлайн отырысында елімізде осы жылы бірінші қыркүйек шарасы қалай өтетінін де түсіндіріп өтті.

Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.