Руслан Шпекбаев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Руслан Шпекбаев жаңа лауазымға тағайындалды. Ол енді Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Генерал-майор Руслан Шпекбаев 1968 жылы 23 ақпанда Қазақ КСР Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысында дүниеге келген.
Үйленген, екі баласы бар.
Әскери салада білім алып, Украина КСР Одесса қаласындағы Жоғары артиллерия училищесін, сонымен қатар Ресейдегі тағы екі жоғары әскери оқу орнын тәмамдаған. Германия Федеративтік Республикасында Бундесвер артиллерия училищесінде тәжірибеден өтті.
Әскери мансабын 1989 жылы минометтік батареяның командирі ретінде бастаған.
Қызмет барысында ол бірнеше әскери эшелондарда командалық қызметтер атқара білді, Ұлттық қорғаныс университетінің оперативтік өнер кафедрасы бастығының орынбасары болды.
2012 жылдан бастап ол Бас штабта жұмыс істеді, онда ол жоғары лауазымдарға дейін Бас штаб бастығы қызметіне тағайындалды.
Ол екінші дәрежелі "Даңқ" орденімен, тағы 14 медальмен марапатталған.
Еске салсақ, Теміртаудың бұрынғы әкімі Ғалым Әшімов Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы 17 тамызда, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аппарат отырысында мәлімдеді.
Ал, Теміртау қаласының жаңа әкімі бұған дейін Жезқазған қаласын басқарған Қайрат Бегімов болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869978-ruslan-spekbaev-korganys-ministrini-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy/