Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерқанат Көпжасар: Коронавирус иммунитетті ғана емес, иманитетімізді де әлсіретті

Опубликовано:

Ерқанат Көпжасар
Фото: Instagram/erkanat_kopjasar

Отандық танымал тележүргізуші Ерқанат Көпжасар коронавирус пандемиясы келтірген зардаптар туралы мәселені көтерді. Ақпарат өкілі аты жаман ауру адам иммунитетін ғана емес, "иманитетті" де айтарлықай әлсіретіп жібергенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерқанат Көпжасар коронавирус салдарынан мешіттердің жабылып қалғаны мұсылмандарға аса ауыр тигенін жеткізді. Ол жамағатпен намаз оқуды үйреніп қалғандар бүгінде қасиетті үй маңына да бара алмай жүргеніне қынжылды.

Тележүргізуші азулы жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен.

"Коронавирус иммунитетімізді ғана емес, иманитетімізді де әлсіреткені рас. Мешіттер жабылып, жамағат сабылып кетті. Бүгін сол жоқтың орынын толтырған, рухани жаңғырған кеш болды. Құранды он жасында жаттап елдегі ең жас қари атанған Дулат Қалығұл бауырымыз. Түркияда дүниежүзілік қарилар сайысында бас жүлде алған алғашқы қазақ баласы.
Даруль Үлім Деобанд сынды іргелі Ислам университетінде ілім алған. Құдай тіл-көзден сақтасын әлі оқып жүр. Білгенім тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз деп білім іздеп тұрған өрен. Өрмекшінің торындай шырмалған, жауабын таппай сандалтқан сауалдарымның нақты жауабын берді. Қай жолда жүрміз, қайда барамыз, қалай боламыз деген күмәндар да сейілгендей. Мағжан айтпақшы, "Мен жастарға сенемін" деген мәслихаттан бір сурет" , -деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Бағлан Әбдірайымов та өз жанайқайын жеткізген болатын. Ол 42 500 теңге жәрдемақы алғаны үшін желіде аяусыз сынға ұшыраған. Жұртшылық өнер иесін жағдайы жақсы бола тұра, мемлекеттен көмек алды деп сөккен. Алайда, ол халық секілді өзі де қаржы тапшылығын басынан өткеріп жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869980-erkanat-kpzasar-koronavirus-immunitetti-gana-emes-imanitetimizdi-de-lsiretti/

pixel