Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ ғалымдары Жер бетіндегі ең жоғары температураның бірін тіркеді

Опубликовано:

АҚШ долина смерти
"Өлім алқабы". Фото: planetofhotels.com

АҚШ ғалымдары Жер бетіндегі ең жоғары температураның бірін тіркеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хайтек басылымына сілтеме жасап.

Американың Калифорния штатындағы "Өлім алқабында" рекордтық ауа температурасы – 54,4 °C тіркелді. Зерттеушілердің пікірінше, бұл – Жер бетінде тіркелген ең жоғары температуралардың бірі.

Ғалымдардың болжамынша, алдағы апталарда мұндағы ауа температурасы тағы бірнеше градусқа көтеріліп, абсолютті рекорд орнатуы мүмкін. Айта кетейік, 1913 жылы "Өлім алқабында" 56,7 градус тіркелген екен.

Рекордтық температураны АҚШ ұлттық ауа райы қызметі Невада штаты шекарасына жақын маңда тіркеген.

Виктория штатындағы Веллингтон университетінің климат бойынша маманы, профессор Джеймс Ренвик бұл көрсеткіштің тексерілетінін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жағдайда құрылғылар қосымша тексеруден өтуі тиіс.

Ерекше ыстық ауа райы Аризонадан Вашингтон штатына дейін сақталып отыр. Алдағы апталардың ішінде 100-ден астам рекордтық температура белгіленеді деп күтілуде.

Ғалымдардың мәліметінше, қазіргі уақытта АҚШ-тың үш қаласында тамыз айы үшін рекордтық жоғары температура тіркеліп отыр.

Айта кетейік, бүгін, 18 тамызда Қазақстанның тоғыз облысында және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

Сондай-ақ биылғы тамыз айының басында Оңтүстік Кореяда муссондық жаңбыр жауып, кем дегенде 14 адам қаза тапқанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870045-aks-galymdary-zer-betindegi-e-zogary-temperaturalardy-birin-tirkedi/

pixel