jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Марлен мен Әнелдің махаббат хикаясы: Жігітті полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр (фото)

әнел
Фото: Ақ Жайық

Әлеуметтік желіде 25 жастағы Марлен есімді азаматтың іздестіріліп жатқаны туралы ақпар тарады. Суреттен және фамилиясынан оның махаббат хикаясымен күллі қазақстандықтарды таңғалдырған жас жігіт екенін аңғару қиын емес. Осы жағдайға қатысты Атырау облыстық полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Таратылған ақпарда Марлен Нұрғасеновті полиция кісі өліміне алып келген ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен іздестіріп жатқаны белгілі болды.

Ведомство мәліметінше, Атырау облысының Құлсары қаласында 15 тамыз күні сағат 19:00 шамасында 35 жастағы ер адамның өлгені хабарланған.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция төрт күдіктіні анықтап, іздестіруде", - деді полиция.

Бұл хабарды оқыған жұрт Марленнің сүйіктісі Әнелдің әлеуметтік желідегі парақшасына кіріп, бойжеткеннен не болып жатқанын сұрады.

"Кішкене шыдаңыздар, бәрі анықталады, ашылады. Марленнің қатысы жоқ. Иншалла дәлел қолымызға түссін, барлығын түсіндіремін. Ал қазір бір өлімнен тұрып отырмын, сондықтан артық сөз айтпайық", - деді ол.

фото
Фото: Мой город

Айта кетейік, Марлен мен Әнел арасындағы махаббат хикаясы - Қазақстанда кеңінен танымал.

Ару 16 жасында қатты сырқаттанып, жеті жылға жуық өмір мен өлімнің арасында болды. Осы жылдар ішінде Марлен сүйіктісінен бір қадам алыстаған жоқ.

әнел
Фото: Ақ Жайық

Ол Әнерлі күтіп, 10 келілік оттегі баллонын көтеріп жүрді. Ғашығымен бірге ауруханада жатып, барлық қасынан табылған.

әнел
Фото: Ақ Жайық

Қос ғашық 2017 жылы Ернар Айдардың "Күнім, сен сөнбеші" атты бейнебаянына түсті. Клип үш жылға жуық уақыт ішінде Youtube желісінде 32 миллион қаралым жинады.

Марлен мен Әнелдің махаббат хикаясы: Жігітті полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.