Дана Нұржігіт Тоқаевтың амандасу салтына тәнті болды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал журналист Дана Нұржігіт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың амандасу салтына аса тәнті болды. Ол президенттің қаншалықты маңызды басшылық қызмет атқарса да, қазақ дәстүрлерін ұмытпайтынын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дана Нұржігіт мемлекет басшысына қатысты жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.
Сенат депутаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған кездегі видеосынан сурет түріндегі үзінді жариялады
Онда президент жергілікті шенеуніктермен ерекше амандасқан. Ол қолын жүрек тұсына қойып, басын иген.
Белгілі журналист мемлекет басшысын қазақи дәстүрлерді ұмытпайтындығы үшін одан бетер құрметтей түскенін жасырмады. Оның айтқандарына барша желі қолданушылары да қосылған.
Олар да ел президентінің мұндай игі әрекетіне қуанып, оған деген жылы лебіздерін жарыса білдірген.
"Әрине, жарасымды. Құшақтасып , сүйісіп жатқан қазаққа жат нәрсе деп ойлаймын" , "Керемет, нағыз елінің патриоты" , "Әрине керемет,міне нағыз үлгі болар дәстүр,тек тағы да насихаттау керек", "Бас иіп амандасқан жақсы болар еді. Құшақтасқан, сүйісіп амандасқан ерсі, əсіресе ер кісілердің сүйгені бір түрлі, ет жақындарыңмен құшақ жая амандасуға болады" , "Мына індет көп салт-дәстүр, ғұрыптарымызды еске алдырып жатыр. Алдында дәрінің орнына саумал, қымыз, шұбат іздеп кеттік" , "Президентіміз аман болсын, нағыз үлгі тұтар азамат. Салт-дәстүріміз жалғаса берсін" , - деп жазуда желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870793-dana-nrzigit-tokaevty-amandasu-saltyna-tnti-boldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.