Балалар мектепте қолғап киіп жүру керек пе: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
Жарияланған күні:
ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі балаларға COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупін азайту үшін мектептерде қолғап кию керек пе деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
БАҚ өкілдері балалар мектепте қолғап киіп жүру керек пе деп сұрады.
"Қолғап киіп, жазуды қалай жазады және мұндай кішкентай қолғаптарды қайдан табамыз? Олар масканы қанша уақыт тағып жүруі керек?" – деп сұрады журналистер.
Бұған жауап ретінде Бағдат Қожахметов елдің бас санитар дәрігерінің жарлықтарының ешқайсысында қолғап киюдің қажеттілігі туралы айтылмағанын жеткізді.
"Балаларға қолғап киюдің қажеті жоқ. Бұл ақпарат шындыққа еш жанаспайды", – деді ол.
Тек маска тағу талабы сақталу керек. Балалар ересектерге қарағанда сирек ауырса да, олар ауру тасымалдаушы болып табылады, сөйтіп ауруды ересек адамдарға жұқтыруы мүмкін.
Сондай-ақ, Қожахметов балаларды бетперделермен кім қамтамасыз ететінін, яғни ата-аналар ма немесе мектеп әкімшілігі ме деген сұраққа қатысты жауап берді.
"Менің білуімше, бюджеттен балаларды бетпердемен қамтамасыз етуге қаражат қарастырылмаған. Бұл жақсы сұрақ. Аталған мүмкіндікті қарастыру үшін мен бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына тапсырайын", – деді ДСМ өкілі.
Еске салсақ, бұған дейін білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылының қалай басталатынын түсіндірген болатын.
Пандемияға байланысты қазақстандық оқушыларды түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігі карантин кезеңіне арналған білім беру ұйымдарына қойылатын талаптардың тізімін жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870873-balalar-mektepte-kolgap-kiip-zru-kerek-pe-densaulyk-saktau-ministrligi-zauap-berdi/