Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Nur Otan" праймеризіне үміткер болғысы келген ер адам өзінің "о дүниеге" аттанғанын білген

Опубликовано:

Кенжебек Алпысбаев
Кенжебек Алпысбаев. Фото: primaries.kz

Алматы облысында "Nur Otan" праймеризіне қатысуға өтініш бермек болған Кенжебек Алпысбаев қағаз жүзінде өзінің "о дүниелік" болып кеткенін естіп, таңырқап қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен осы кезге дейін еш алаңсыз өмір сүріп, жұмысымды істеп жаттым. "Nur Otan"-ның праймериз туралы жариялағанын естіп, ауылдастарымның мәселелерін шешуге ықпал ету үшін, аудандық мәслихатқа үміткер депутат ретінде праймеризге өтініш беруді ұйғардым.
Партияның арқасында АХАЖ-дың осыдан 9 жыл бұрын мені өлгендердің санатына қосып жібергенін білдім", - деп ашуланды Кенжебек Алпысбаев.

Алматы облыстық Партиялық бақылау комиссиясы келеңсіз жағдайдың шешілуіне атсалысып, Кенжебек Алпысбаевты праймеризге қатысуға ниет білдірген үміткер ретінде тіркеген.

Сонымен бірге "Nur Otan" өз ісіне немқұрайлы қарағандарды жауапқа тартып, тиісті шара қолдануды талап етті.

"Ашығын айтсам, мұндай жауапсыздыққа не дерімді білмей отырмын. Еш негізсіз адамды өлді деп қалай жаза салуға болады?", - дейді облыстың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ермек Келімсейіт.

Ол Алакөл аудандық әкімі аппаратының жетекшісі Дамир Сатыбалдиевқа партиялық сөгіс беруді ұсынған.

Сондай-ақ партиялық бақылау комиссиясы азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Динара Мұхамеджановаға да тәртіптік жауапкершілік шарасын қолдануды талап етілді.

Еске сала кетсек, 17 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Жиын 24 тамызда өтуі керек болған.

Алайда партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек кеңестің 28 тамызға шегерілгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870881-nur-otan-prajmerizine-mitker-zini-kagaz-zzinde-o-dniege-attanganyn-bilgen/