Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде карантин жеңілдеген соң жағажайлар мен аттракциондар, демалыс орындары лық толды

Опубликовано:

Көлсайдағы халық
Видеодан кадр: instagram.com/kris.p.online

Қазақстандықтар карантин жеңілдеген соң жағажайлар мен өңірлердегі демалыс орындарына жаппай бара бастады. Жиылған бір топ адам Алматы қаласындағы аттракционда да байқалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтардың демалыс орнында түсірілген видеосын kris.p.online парақшасы жариялады. Паблик оқырмандары видеоны Алматы қаласынан және Алматы облысынан жіберіп жатыр екен.

Мәселен, желі қолданушылары Қапшағайға баратын тас жолдағы ұзын-сонар кептелісті, адамға лық толған Көлсайды, оңтүстік астанадағы "Мир фантазий" саябағының алдында аттракционға отырғысы келген бір топ жастарды видеоға түсіріп алған.

Желі оқырмандары өткен демалыс күндері де Қапшағай осындай жағдай байқалағанын айтады.

Демалыс орындарының жұмысына қатысты Tengrinews.kz агенттігіне Алматы облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті пікір білдірді.

Олардың мәлімдеуінше, мониторингтік топтар Қапшағайда туристер немесе туристік нысандар тарапынан ешқандай санитарлық талаптарды бұзу фактілерін анықтамаған.

Ал Көлсайға демалыс күндері 2,5 мың адам барған. Бұл санитарлық нормадан бірнеше есе көп. Соған байланысты келесі демалыс күндері ұлттық саябақтар келушілер үшін жабық болады деген шешім қабылданған.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 184 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

Ал Өзбекстанда коронавирустың салдарынан той-думан агенттіктері жабылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870936-elde-karantin-zeildegen-so-zagazajlar-men-attrakciondar-demalys-oryndary-lyk-toldy/

pixel