Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық танкішілер жеке жарыста мәреге екінші болып жетті

Опубликовано:

Танк жеке жарыс
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бүгін біздің танк экипажымыз Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан командаларына қарсы тартысты күресте ресейлік әріптестеріне жол беріп, екінші орынды иеленді.

Қазақстандық танкішілер сайыста Т-72Б3 танкісімен өнер көрсетіп, екінші орынға сенімді түрде табан тіреді.

Жеке жарыстар ағымдағы жылдың 26 және 27 тамызында жалғасады.

Танк жеке жарыс
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бұл күндері жартылай финалға шығу үшін қалған екі қазақстандық экипаж тартысты шайқасты жалғастырады. Біздің команданың ағымдағы нәтижелерді жақсартып, жүлделі орындарға қол жеткізуге барлық мүмкіндіктері бар.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық танк экипажы 2020 жылғы Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» сайысына қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871082-kazakstandyk-tankisiler-zeke-zarysta-mrege-ekinsi-bolyp-zetti/

pixel