Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вагон-ресторандар ашылды: Байғабылов пойызда тамақтануға қатысты өзгерісті түсіндірді

Опубликовано:

пойыздағы тамақ
Көрнекі фото: aviav.ru

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздарда вагон-ресторандардың жұмыс істеу тәртібін түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Бүгінде жолаушылар пойызындағы вагон-ресторандар (буфеттер) қайта ашылды. Алайда тамақтарды алдын ала тапсырыспен жеткізу қызметі болуы керек. Ал тамақтану залында отыратын адамдардың саны 50 проценттен аспауы шарт. Арақашықтық міндетті түрде сақталуы қажет", - дейді Байғабылов. 

Оның айтуынша, вагон-ресторанның қызметкерлері медициналық бетперде мен қолғап тағып жүруі тиіс. Ал жұмыстың алдында дене қызуының тексерісінен өтіп, аурудың белгілері үнемі бақыланады.

Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орнында санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы міндетті.

"Тапсырыстың тамақтары жолаушыға қапталған күйінде жеткізілуі тиіс. Ал жолаушылар әлеуметтік арақашықтық пен медициналық бетперде режимін сақтай отырып, вагондар арасымен емін-еркін жүре алады. Вагон-ресторанға да кіруге рұқсат бар. Қалған шектеулер сол күйінде қала береді", – деп атап көрсетті Байғабылов.

Айта кетерлігі, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде теміржол қатынасы тоқтатылған еді. Ал 1 маусымнан бастап ішкі бағыттардағы пойыздар жүре бастады. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізде жолаушылар пойызындағы карантиндік талаптар жеңілдетілгені туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871112-vagon-restorandar-asyldy-bajgabylov-pojyzda-tamaktanuga-katysty-zgeristi-tsindirdi/

pixel