Коронавирустан күйзеліске түскен әйел төрт жасар баласын өлтіріп тастады

Опубликовано:

Вивиана
Фото: DANIELEMONDELLODJ / Newsflash

Италияда жантүршігерлік жағдай орын алды. 43 жастағы әйел төрт жасар баласын өз қолымен тұншықтырып өлтірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы dailystar.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, Вивиана Паризи есімді әйелдің мұндай қорқынышты қадамға баруына коронавирустан күйзеліске түсуі себеп болған. Дәлірек айтқанда, ол қатаң оқшаулау кезінде отбасы үшін алаңдап, қатты күйзеліп жүрген көрінеді.

Вивиана күйеуімен бірге
Фото: DANIELEMONDELLODJ / Newsflash

Ақыры баласына жаңа аяқ киім сатып аламын деген сылтаумен баласын ертіп, сыртқа шыққан ол төрт жасар ұлын тұншықтыра бастайды.

Вивиана отбасымен бірге
Фото: DANIELEMONDELLODJ / Newsflash

Полицейлер олардың ізін тапқанын қаламаған әйел ұялы телефонын үйінде қалдырып кетіпті.

3 тамыз күні із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйітін бес күннен кейін полицейлер ен даладан тапқан. Ал төрт жасар баланың мәйіті 19 тамыз күні тастардың арасында жасырылған күйі табылыпты.

Оқиға орны
Фото: DANIELEMONDELLODJ / Newsflash

Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп, әйелдің өзіне қол салғанын анықтаған. Ол өзін өлтірместен бұрын туған ұлын тұншықтырып өлтірген.

Алайда ұл баланың әкесі әйелі ондай қадамға барғанына сенер емес. Даниэле Монделло әйелінің ұлын қатты жақсы көргенін айтуда.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы да арық ішінен жаңа туған нәрестені табылғанын жазған болатынбыз. 25 тамыз күні түнгі бірде нәрестені арықтан тауып алған куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.

Нәрестені құтқару сәтінен видео әлеуметтік желіде таралып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871129-koronavirustan-kjzeliske-tsken-jel-trt-zasar-balasyn-ltirip-tastady/