Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт жасар қызым бар": 15 жасында тұрмысқа шыққан ару жан сырын ақтарды

Опубликовано:

"Бір болайық" жобасының тікелей эфирі
Видеодан кадр: Youtube/Bir Bolayik

"Бір болайық" бағдарламасына үміткер ретінде келген ару өзінің бұрынғы өткен өмірі туралы сыр шертіп, көпшілікті таңғалдырды. 22 жастағы бойжеткен 15 жасында өз еркімен тұрмысқа шыққанын айтты. Бүгінде оның төрт жасар қызы бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атышулы бағдарламаның тікелей эфирінде таңғаларлық жағдай орын алды. Жоба қатысушыларының бірін ұнатып, оған үміткер болып келген ару өзі туралы бар шындықты айтты.

Белгілі болғандай, бойжеткен небәрі 15 жасында 21 жастағы жігіттің жары атанған. Қызығы, оның тұрмысқа шығуына ешкім кедергі болмаған. Бұл қадамға ол өз еркімен барғанын айтып отыр.

"22 жастамын, тұрмыста болғанмын. Төрт жасар қызым бар. Мен 15 жасымда тұрмысқа шықтым. Күйеуім ол кезде 21-де болатын. Мені алып қашып кеткен жоқ. Өз еркіммен келістім. Ел қатарлы ұзатылдым. Бірақ, біз бір жыл ғана бірге тұрдық. Содан кейін өкінішке орай айырылысып кеттік. Бұрынғы жолдасыммен бүгінде араласпаймын. Оның екінші отбасы бар" , - деді ол.

Бағдарлама жүргізушісі мен қатысушылары үміткер қыздың айтқан сөздерінен кейін біразға дейін өз-өздеріне кел алмады. Олар бойжеткеннің кәмелеттік жасқа жетпей, тұрмысқа шығып кеткеніне қатты таңғалса керек.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 16 жастағы кәмелетке толмаған қыз жасы отыздан асқан жігітке тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат тарап, қоғам арасында шу тудырған болатын. Желідегі жазбаларда жасөспірім арбаға танылған азаматтың жары болған делінген.

Жергілікті полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871154-trt-zasar-kyzym-bar-15-zasynda-trmyska-sykkan-aru-zan-syryn-aktardy/

pixel