Коронавирустан кімдер көп көз жұмған: Ғалымдар күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Коронавирус инфекциясы
Көрнекі фото: Original

Жоғары қан қысымы, семіздік және қант диабеті бар науқастар коронавирустан үш есе жиі қайтыс болған деп жазады KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Тулейн университетінің зерттеуі COVID-19 пациенттеріндегі метаболикалық синдромның әсерін зерттеді. Метаболикалық синдром - жүрек-тамыр ауруларының қаупін арттыратын гипертония, қандағы қанттың жоғары деңгейі, семіздік, триглицеридтердің жоғары деңгейі және HDL холестеринінің төмен деңгейі сынды бес жағдайдың кем дегенде үшеуінің жиынтығы.

"Осы диагноздарға байланысты нәтиже де нашарлайды. Метаболикалық синдроммен кездесетін негізгі қабыну коронавирустың ауыр жағдайларына әкелетін қозғаушы күш болуы мүмкін", - деді зерттеудің жетекші авторы, доктор Джошуа Денсон.

Ғалымдар 30 наурыздан 5 сәуірге дейін COVID-19 ауруының 287 жағдайын зерттеді. Науқастардың орташа жасы 61-де болған. Пациенттердің 80% - ында гипертония, 65% - ында семіздік, 54% - ында қант диабеті, 39% - ында тығыздығы жоғары липопротеиндердің төмен деңгейі анықталды. Қатысушылар метаболикалық синдром диагнозымен (барлық жағдайлардың 66%) және синдромсыз болып екіге бөлінді.

Мамандар метаболикалық синдромы бар науқастардың 56%-ы қарқынды терапия бөліміне түскенін, 48% - ы өкпені жасанды желдетуді қажет еткенін, 37% - ы жедел респираторлық стресс синдромын дамытқанын, ал 26% - ы қайтыс болғанын анықтады. Екінші топта көрсеткіштер тиісінше 24%, 18%, 11% және 10% құрады.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 173 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Кеше жеті адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871184-koronavirustan-kimder-kp-kz-zmgan-galymdar-ktpegen-mlimdeme-zasady/