Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

31 тамыздан бастап елімізде қандай нысандардың жұмысы қайта жанданады

Опубликовано:

маска таққан қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды. Осы орайда KAZ.NUR.KZ 31 тамыздан бастап қызметіне қайта бастайтын нысандарды назарларыңызға ұсынады.

Елдегі шектеу шаралары бойынша қол жеткізілген оң нәтижені ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

  • діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);
  • бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы); жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);
  • спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);
  • мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу);
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр, бетперде тағу);
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

Ералы Тоғжановтың сөзінше, барлық нысандарға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат берілмек.

Сонымен қатар өңірлік әкімдіктер денсаулық сақтау министрлігі, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет.

Еске сала кетейік, 13 тамызда мемлекеттік комиссия 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алу жоспарын бекітті.

Оған сәйкес, 17 тамыздан бастап кейбір нысандардың жұмысы қайта жанданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871252-31-tamyzdan-bastap-elimizde-kandaj-nysandardy-zmysy-kajta-zandanady/

pixel