Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 168 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

бетперде1
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 168 адам тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 168 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 85-і клиникалық белгілері жоқ тасушы", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 21 / 9

Алматы қаласы - 15 / 7

Ақмола облысы - 8 / 5

Ақтөбе облысы - 3 / 2

Алматы облысы - 6 / 2

Атырау облысы - 12 / 12

Шығыс Қазақстан облысы - 24 / 4

Жамбыл облысы - 2 / 1

Батыс Қазақстан облысы - 10 / 6

Қарағанды облысы - 19 / 8

Қостанай облысы - 8 / 1

Қызылорда облысы - 2 / 2

Маңғыстау облысы - 3 / 3

Павлодар облысы - 10 / 5

Солтүстік Қазақстан облысы - 11 / 8

Түркістан облысы - 14 / 10

Жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 105 243-ге жеткен.

Сонымен қатар өткен тәулікте 723 адамның коронавирустан жазылып шыққан белгілі болды. Осылайша елімізде COVID-19-дан жазылғандар саны 94 713 адамды құрап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіпов Қазақстанда халықтың шамамен 20-25 пайызы коронавируспен ауырып шыққанын мәлім еткен еді.

Оның сөзінше, халықтың үштен бір бөлігі ауырып шықса, эпидемияның таралу күші екі есеге азаяды.

Сонымен қатар Бауыржан Жүсіпов коронавирустың екінші толқыны елімізде қалай өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871311-kazakstanda-tken-tulikte-tagy-168-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel