Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күн сайын жылаймын": Күйеуі мүгедек оралдық келіншек жанайқайын айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Орал апталығы

Орал қаласының тұрғыны Маржан Байекешева күйеуі бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына қосылған соң, оны күту үшін жұмыстан шығуға мәжбүр болған. Осыдан кейін отбасының тұрмыстық жағдайы нашарлай бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Орал апталығына сілтеме жасап.

"Мен күйеуім Мерболатпен 11 жыл тұрдым. Бізде екі бала бар — қызымыз Гүлнар 10 жаста және ұлымыз Сүлеймен 8 жаста. 2011 жылдан бастап менің жұбайым II топтағы мүгедек болды, осы уақыт ішінде ол 3 инсульт пен 1 инфаркттан зардап шекті, соңғысы өткен жылы болды. Осы жылдың қаңтар айында оның аяғы кесіліп, I топтағы мүгедектер санатына ауыстырылды.
Мен "Орленок" балабақшасында 10 жыл тәрбиеші болып жұмыс істедім және отбасымда проблемалар бар екенін көрсетпеуге тырыстым. Қызыма би бөліміне қатысқанына ақы төлеу үшін түнде мейрамханада ыдыс жуушы болып жұмыс істедім. Кешкі сағат 8-де кетіп, таңертеңгі 7-де негізгі жұмысыма баратынмын. Сол себепті ұзақ уақыт бойы ештеңеге шағымданбадым, ешқандай жәрдемақы сұрамадым, өйткені алақан жаю ұят болды", — дейді Маржан Байекешева.

Әйел адам екі жұмыс арасындағы үзілісте күніне тағы 2 сағаттан өз ауданында газет таратып, ақша тапқан кездерін де еске алды.

Маржан балаларының сабақты жақсы оқитынын, ұлы спортпен, қызы бимен айналысатынын жеткізді.

"Ақпан айында ампутациядан кейін күйеуімнің нашарлап кетуіне байланысты маған өте қиын болды. Ол "Маржан, аяғым қайда? Қайтар аяғымды!" деп айқайлады. Сол себепті 14 ақпанда қалауым бойынша жұмыстан кетуге мәжбүр болдым, бұл менің қателігім еді. Мен балаларды тәрбиелеу және ештеңе сұрамау үшін осындай өмір сүруге тырыстым. Содан кейін төтенше жағдай болды, жұмыс тәжірибем үзілді, осылайша жұмыссыз қалдым", – дейді ол көзіне жас алып.

Фото
Фото: Орал апталығы

Сонымен қатар, екі баланың анасы күйеуін төртінші қабаттан арқалап түсіретінін, мүгедектер арбасына қол жеткізе алмай жатқандарын айтты.

"Қажып кеттім, тіпті құлап та қалдым, арқамның барлық жері көгеріп кетті. Мен мүгедек адамды бағып-қағу бойынша өтініш бермек болдым, емханада өтінімді онлайн рәсімдеуге болады деді. ХҚКО – ға бардым, маған 2 мыңға өтініш ресімдеп, 15 күн күту керектігін айтты. 15 күннен кейін нәтиже келіп, мені ХҚКО-ға қайта жіберді. ХҚКО-на 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады, мен 2 күн бойы қоңырау шалдым, оларда барлық уақытта желі бос емес. Содан кейін тағы да ұлыммен ХҚКО-ға бардым, 3 сағат отырдым, қызметкерлердің бірі бізге көмектесті. Содан кейін мені 2 сағат бойы маман қабылдады, ол өтініш жіберуге көмектесті, бірақ құжаттар жеткіліксіз екендігі белгілі болды, маған әлі де өтініш керек", — дейді Маржан.

Фото
Фото: Орал апталығы

Әйел адам осыдан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу бөлімінің меңгерушісіне барғанын жасырмады.

"Сәуір айында олар менің мәселем шешілетінін айтты, бірақ одан кейін бірнеше ай өтті.

Мен 6 ай бойы осылай қанша жүре аламын? Маған көмек көрсетілмеді және "жеке көмекші" ретінде әлі күнге дейін жәрдемақы ресімделмеді", — деп шағымданды әйел.

Маржан Байекешева білім беру саласындағы жұмыс өтілін жоғалтпас үшін жұмысқа тұрғысы келетінін жеткізді.

"Мен қазір қайда баратынымды және не істеу керектігін білмеймін. Балаларға көз жасты көрсетуге болмайды, бірақ мен күн сайын жылаймын", — дейді ол.

Қазіргі уақытта Маржан жұмыссыз ретінде мемлекеттен жәрдемқақы алуда. Алайда ол қырқүйек айында тоқтатылмақ. Осы орайда екі баланың анасы күйеуінің жеке күтушісі ретінде мемлекеткеттік көмек рәсімделсе деген тілегін білдірді.

Еске сала кетсек, осыған дейін ата-анасынан айырылып, үш бауырымен қалған астаналық бойжеткен көмек сұрағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871313-kn-sajyn-zylajmyn-kjeui-mgedek-oraldyk-kelinsek-zanajkajyn-ajtty/

pixel