Бір адам қайтыс болып, тағы екеуі жараланған: Қарағандыда атыс болды

Опубликовано:

қару
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағандыда адам өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды деп жазады KAZ.NUR.KZ ІІМ ресми сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми сайттағы ақпаратқа сүйенсек, оқиға 31 тамызда Қарағандыдағы Октябрь ауданы, Бабушкина көшесінде болған. Қалалық ауруханаға үш қарағандылық түскен. Олар оқ жарақатын алған.

Нәтижесінде жәбірленушіледің бірі алған жарақатынан көз жұмды. Қылмысты жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам қолға түсті.

Полиция істің мән-жайын анықтауда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетсек, бокспен кәсіби түрде айналысқан спортшы Қарағандының Шахтинск қаласындағы вокзал маңында болған жанжал кезінде қаза тапқан болатын.

Бұл жағдай 20 тамыз күні сағат таңғы 1-де орын алды. Вокзалдың артындағы ен далада айқай-шу естілген. Былғары қолғап шебері ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысты, бірақ спортшы есін жимастан қайтыс болды.

Кейінірек 20 жастағы күдіктінің қолға түскені хабарланды.

Сондай-ақ, Шымкентте элиталық ресторанда болған атыс кезінде кісі өлтірген күдікті үш жігіт Алматы қаласында қолға түскен.

Атыс салдарынан бір жігіт мерт болып, 35 жастағы жігіт аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қанды оқиғаға қатысты басқа да күдіктілерді іздеу шаралары жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, Қарағандыда 40 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелін тонағаны үшін сотталды. Күдікті келіншекті жалдамалы пәтерге шақырып, алтыны мен қаракүзен тонын ұрлап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871903-bir-adam-kajtys-bolyp-tagy-ekeui-zaralangan-karagandyda-atys-boldy/