Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі "элитный ресторанда" болған кісі өлімі: Күдікті үш жігіт ұсталды

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: www.arnapress.kz

Шымкентте элиталық ресторанда болған атыс кезінде кісі өлтірген күдіктілер ұсталды. Атыс салдарынан бір жігіт мерт болып, 35 жастағы жігіт аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қанды оқиғаға күдікті үш жігіт Алматы қаласында қолға түскен. Тәртіп сақшылары оларды Шымкент қаласына жеткізген. Үш күдікті де Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Күдіктілер тергеу барысында қамауда болмақ. Шымкент қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Серік Ергешовтің айтуынша, қанды оқиғаға қатысты басқа да күдіктілерді іздеу шаралары жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 10 тамызда Шымкент қаласы Қазиев көшесінде орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында оқ атылған. Оқтан алынған жарақаттардан жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) және 287-бабымен (атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

"2020 жылдың 12 тамызында қабылданған шаралармен Алматы қаласында 3 күдікті ұсталып, Шымкент қаласының Полиция департаментіне жеткізілді. Осы жылдың 14 тамызы күні Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотымен күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланды. Қылмысқа қатысы бар басқа да азаматтарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", - деп мәлімдеді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870426-symkenttegi-elitnyj-restoranda-bolgan-kisi-limi-s-kdikti-zigit-staldy/

pixel