Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін пайдалы өнімдерді білесіз бе

Опубликовано:

Салат1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қатерлі ісік ауруының алдын алатын үздік өнімдер анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Сарымсақ, бразилиялық жаңғақ және брокколи ағзаны қатерлі ісіктен қорғайды.

Сонымен қатар, сарымсақты қолдану асқазан қатерлі ісігінің ықтималдығын 15 пайызға төмендетеді, өйткені бұл иммундық жүйенің табиғи қорғанысына жағдай жасайды.

Бразилиялық жаңғақтар құрамында селен көп болғандықтан, колоректалды (ішек) қатерлі ісік пен простата қатерлі ісігінің қаупін төмендетуі мүмкін, бұл ісік жасушаларына мутацияға ұшырауы мүмкін зақымдалған жасушаларын бұзады. Бұл жаңғақ қуық асты безі қатерлі ісігінің қаупін 63 пайызға, ішек қатерлі ісігін 58 пайызға азайтуға мүмкіндік береді. Мұны іске асыру үшін күн сайын екі жаңғақ жеу керек.

Ісіктердің көптеген түріне тән WWP1 генін басатын I3C молекуласының құрамына байланысты брокколи қатерлі ісікке қарсы ең жақсы күресушілердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, брокколи құрамында ішек пен қуық асты безі ісік жасушаларының дамуын тежейтін сульфорафан заты бар.

Колоректальды қатерлі ісіктің дамуын алма тұтыну арқылы болдырмауға болады, өйткені олардың құрамында рак клеткаларының "өлтірушісі" – проксианидин заты бар. Күнделікті флавоноидтар мен антиоксиданттардан тұратын екі кесе шай ішу арқылы аналық без қатерлі ісігіне шалдығу мүмкіндігін 32 пайызға азайтуға болады.

Сондай-ақ, ісік ауруларының алдын алу үшін майлы балық жеу керек. Мысалы, аптасына оны төрт рет қабылдау лейкемия, миелома және лимфома ықтималдығын 30 пайызға төмендетуі мүмкін, ал цитрус жемістерін диетаңызға енгізу көмей, асқазан және ауыз қуысы қатерлі ісігі болу ықтималдығын азайтуға көмектеседі.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында онкологиялық ауруы бар көп балалы ана короновирусқа жүргізілген талдаудың оң нәтижесіне байланысты медициналық көмек алмай қайтыс болған еді.

Оған қоса, Бельгияда ақ халаттылар ерекше дертке шалдыққан науқасты өзгенің нәжісін оның ішегіне трансплантациялау арқылы емдеп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871906-katerli-isikti-aldyn-aluga-kmektesetin-pajdaly-nimderdi-bilesiz-be/

pixel