Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ескертуді елемей, екі рет той өткізген кафе анықталды (видео)

Жарияланған күні:

той
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда тәртіп сақшылары санитарлық дәрігерлермен бірге Жаяу Мұса көшесіндегі кафеге тексеріспен келді. Карантинге қарамастан ғимаратта мерекелік кеш өтіп жатқан. Кафе иесі осындай ереже бұзғаны үшін бұған дейін де жауапқа тартылған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ облыстық ПД сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, демалыс күндері екі бірдей тойды тоқтатуға тура келген. Мерекелік іс-шараны Павлодардағы Батурин және Жаяу Мұса көшесіндегі кафелерде ұйымдастырған.

Батурин көшесіндегі мерекені еш қиындықсыз тоқтатқан. Алайда Жаяу Мұсадағы кешті тоқтатуға біраз уақыт кеткен.

"Полицейлер ішке кіріп, тойды тоқтата алды. Аталған кафеде бұған дейін осыған ұқсас ереже бұзушылық анықталып, жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде хаттаманы қайтадан толтыруға тура келді", - деді ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер барлық материалдарды санитар дәрігерлерге берген.

Айта кету керек, ғимарат иегеріне 640 мың теңге айыппұл салынады. Бір жыл ішінде бірнеше рет заң бұзушылық болған жағдайда, бапта жазаны күшейту қарастырылмаған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда тойханалардың жаппай сатылып жатқаны хабарланды.

Сатылымға шыққан той өтетін орындардың бағасы аспандап тұр. Ең арзаны 300-400 миллионнан басталып, миллиардтарға дейін барады

Еске сала кетсек, Атырауда полицейлер бір күнде үш үйлену тойын тоқтатқан еді. Той ұйымдастырғандарға жаза тағайындауды шешу үшін оқиға материалдары санитар дәрігерлерге жіберілді.

Атырау облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, құқыққорғау органдары бесінші шілдеден бастап, өңірде карантин режимін бұзған 1713 оқиғаны анықтаған. Олардың елуден астамы отбасылық жиындар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871932-pavlodarda-ekinsi-ret-karantin-erezesin-bzgan-kafe-anyktaldy-video/