Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мектептер дәстүрлі білім беру тәсіліне қашан қайта көшеді

Опубликовано:

Мектеп оқушылары
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім алудың қалыпстасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

"Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күні-түні WhatsApp-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Осы орайда мемлекет басшысы дәстүрлі білім алу форматына да дайындалу қажеттігін жеткізді. Себебі сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдер мен сыныптастармен араласудың орны бөлек.

"Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыпстасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балалар қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алуы керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы педофилдерге берілетін жазаны күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, Тоқаев мұғалімдердің жалақысы көтерілетінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871993-kazakstandyk-mektepter-dstrli-bilim-beru-tsiline-kasan-kajta-ksedi/

pixel