Әскерилер ел Президентінің Жолдауын талқылады
Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңестің басты тақырыбы – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы болды. Қорғаныс министрі биылғы жолдауда еліміздің стратегиялық міндеттерін ескере отырып, ағымдағы жылға арналған жоспардың айқындалғанын атап өтті.
Ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев өзінің орынбасарларына, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімше бастықтарына, бас қолбасшы мен қолбасшыларға жеке құраммен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Жолдауда құқықтық принциптерді, тәртіп пен жауапкершілікті, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін нығайтуға үлкен мән берілді.
Сонымен қатар, жаңа «әлеуметтік парадигма саясат» бағыттары анықталды. Кеңесте министр Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларын, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың командирлерін тыңдады. Жауапты лауазымды тұлғалар әскерлердегі жағдай туралы жедел ақпарат берді. Ағымдағы жай-күйді талқылау барысында Арыстағы зардаптарды жою, Қарулы Күштердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысын ұйымдастыру, әскери тәртіп пен құқық тәртібінің мәселелеріне назар аударылды.
Өз кезегінде әскердегі қызмет қауіптілігімен де ерекшеленеді. Сондықтан әскери қызметшілердің қауіпсіздік мәселелері сөзсіз басымдыққа ие болуы керек. Отырыста осы статистика бойынша оң динамиканың байқалуы турасында сөз болды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар 16 пайызға, оның ішінде онша ауыр емес қылмыс – 58 пайызға, ауырлығы орташа қылмыс – 50 пайызға төмендеді. Бұзақылық салдарынан жасалған қылмыстардың саны – 70 пайызға, билікті асыра пайдалану (қол сұғушылық жолымен) – 63 пайызға, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу – 50 пайызға, жарғыдан тыс қарым – қатынастарды бұзу – 46 пайызға, билікті теріс пайдалану – 30 пайызға дейін қысқарды.
Министр Бас штабқа, бас қолбасшылар мен қолбасшыларға әскери және құқық тәртібі жағдайы бойынша кемшін түсіп жатқан әскери бөлімдерге әдістемелік көмек көрсете отырып, «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай іс-шаралар жоспарын сапалы орындау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.
Бюджеттік тәртіпті сақтау министрлік қызметінің басымдық беретін бағыттарының бірі. Осыған байланысты министр ағымдағы жылдың бірінші тоқсанынан бастап ай сайын бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған индикаторларының орындалуына мониторинг жүргізуді тапсырды.
Әрбір көрсеткішке Қорғаныс министрінің орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің бастықтары қатарынан жауапты тұлғалар бекітілген. Олар тапсырманың орындалуын қадағалайтын болады. Өткен кезеңдердегідей үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша мәселелер мен кемшіліктерді негізге ала отырып, көрсеткіштердің орындалуына талдау жүргізілетін болады. Оларды жоймаған кінәлі адамдар жауапқа тартылып қайта қызметтік тергеп-тексеріледі.
Жолдаудың әлеуметтік блогына тоқталған қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев әскери қызметшілердің тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайын жақсарту, оның ішінде тамақтану мен заттай, медициналық қамтамасыз ету нормаларын толық және сапалы жеткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Бұл мәселелерді шешуге бірінші кезекте мән беру керек. Жіберілген кемшіліктер мен басқа да қателіктер қызметтік тергеудің мәні болмақ.
Мәселен, Қарағанды қаласының әскери бөлімдерінің бірінде сарбаздар асханасын жөндеу бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта жосықсыз қызмет көрсетушіге қатысты талап-арыз жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ, жаңа тендер өткізуге құжаттар берілді.
Аппараттық кеңеске қатысушылар әскери білім беру сапасы мен техникалық терминдерді, аударма сөздерді қолдану мәселелерін қарастырды. Қазіргі таңда жоғары әскери оқу орындарында оқу-әдістемелік әдебиеттерді мемлекеттік тілге аудару жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде әскери-техникалық терминологиялық сөздіктің жобасы әзірленуде. Оған ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Әлияров рецензия берді.
Президент жолдауда басты мақсат – нәтижеге жұмыс істеу қажеттігін алға тартты. Осы мақсат әрбір әскери қызметке қатысы бар адамның Отанды қорғаудағы бағдарына айналуы қажет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872500-el-prezidentini-zoldauy-skerlerge-tsindirildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.