Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кішкентай қызға ұятсыз суреттер жіберген Павлодар тұрғыны 6 жылға сотталды

Опубликовано:

ұялы телефон
Көрнекі фото: byrich.ru

Төрт жыл бұрын ресейлік азаматтың кішкентай қызына ұятсыз суреттер жіберген Павлодар тұрғыны 6 жылға сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

2016 жылы Ресей азаматының кәмелеттік жасқа толмаған қызының телефонына белгісіз біреу ұятсыз суреттер жіберген. Әйел бірден полицияға барған.

Ресейлік тәртіп сақшылары қаскөйдің Павлодар облысында тұрып жатқанын анықтайды.

Бұл іс бойынша барлық материалды ресейлік полицейлер Қазақстанға жібереді. Қазақстандық тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, алты жылға соттаған.

Осыған байланысты Ресей азаматы ішкі істер министрі, бас прокурорға хат жазып, осы істі ашқан тергеушілерге кәсіби біліктілігі мен қызметтік міндетін адал атқарғандары үшін алғысын жеткізген.

Бұдан бөлек, әйел Павлодар ауданының прокурорына да тергеу барысын үнемі бақылауда ұстағаны үшін ризашылығын білдіріпті.

"Осы азаматтардың жұмысының нәтижесінде барлық айғақ жиналып, қаскөй ұсталды", - деп атап көрсетті ресейлік азамат.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші 4 баланы қағып кеткені туралы хабарлаған едік. Жеткіншектердің бірі ауруханаға жетпей көз жұмды.

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, 5 қыркүйек күні, сағат 18:50 шамасында Бородулихо ауданы Жаңа Шүлбі ауылында болған.

Жол апаты салдарынан 10 жасар қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмып, қалған балалар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872834-kiskentaj-kyzga-atsyz-suretter-zibergen-pavlodar-trgyny-6-zylga-sottaldy/

pixel