Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абайдың өлеңін оқыған әкімшілік қызметкерлеріне айыппұл салынды

Опубликовано:

Фото
Фото: Altainews.kz

Өскемен қалалық әкімдігінің лаузымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Altaynews сайтына сілтеме жасап.

Тамыз айының басында қала басшысы Жақсылық Омар бастаған әкімдік қызметкерлері Абайдың "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңін оқып, эстафетаны Қостанай қалалық әкімдігіне жолдады.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, осыған байланысты қала әкімінің орынбасары мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы айыппұл арқалаған.

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын департаментінің баспасөз қызметі оннан астам адам қатысқан видео-эстафета шектеу шаралары кезінде түсірілгенін мәлім етті.

"Эстафетаға қатысушылар маскалық режим мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтағанмен, әкімнің орынбасары мен бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр", - делінген тиісті мекеменің хабарламасында.

Осыған дейін үкімет қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке бекітілгенін жазған едік. Енді қазақстандықтар 10 тамызда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының күнін атап өтеді.

Айта кетейік, биыл Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 175 жыл.

Ғұлама ақынның мерейтойына орай еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде өтетін іс-шараларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастап берген еді.

Алайда коронавирус пандемиясына байланысты көптеген шаралар өтпей қалды. Ал кейбірі онлайн-форматта өткізілді.

Сонымен қатар ақынның 175 жылдығана орай Семей халықаралық әуежайына Абай есімі берілді.

Ақынның есімін әуежайға беру туралы ұсынысты ономастикалық комиссия мен облыстық мәслихат депутаттары мақұлдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873587-abajdy-lein-okygan-kimsilik-kyzmetkerlerine-ajyppl-salyndy/

pixel