Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыл соңына дейін қанша ауылға интернет қосылады: Мусин жауап берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

ОКҚ өткен онлайн брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жыл соңына дейін қанша ауылдың интернете қосылатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Мусиннің айтуынша, республика бойынша 6 459 ауылды аймақтар бар. Оның ішінде 4 646 елді-мекенде әр түрлі технологияларды қолдана отырып, интернетке қолжетімділік қамтамыз етілген. Бірақ олардың сапасы әртүрлі.

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда екі жоба іске асырылуда. Оның бірі талшықты оптикалық желіні 2020 жылдың аяғына дейін 1 250 ауылға салу жобасы.

"Бұл жоба бойынша 20 мың шақырымнан астап оптика желісі салынады. Мыңнан астам ауылда мектептер мен мемлекеттік органдар сапалы интернетке сапалы түрде қосылған. Қалған 200-ге жуығы жылдың соңына дейін қосылады", - деді Мусин.

Ал екінші жоба ауылдарда 3G, 4G мобильді байланыс ұйымдастыру. Осы бағытта байланыс операторларымен меморандум жасалып, жыл соңына дейін тұрғын саны 250-ден асатын ауылдар мобильді байланысен қамтамасыз етіледі.

"Қыркүйектің өзінде осындай 150 елдімекен мобильді интернетке сапалы түрде қол жеткізіп отыр. Жылдың соңына дейін қалған 778 ауыл қосылатын болады. Оның ішінде қазан айында 204, қараша мен желтоқсанда 473 ауылда сапалы интернет қосамыз", - деді министр Бағдат Мусин.

Еске сала кетсек, бұған дейін осы брифинг кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуды жалғастыру туралы ұсынысын айтты.

Сондай-ақ, елімізде қандай жағдайда қайтадан қатаң карантин енгізілетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873602-zyl-soyna-dejin-kansa-auylga-internet-kosylady-musin-zauap-berdi/

pixel