Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше мамандық: Әлеуметтік қызметтер жайлы не білеміз?

Жарияланған күні:

тұрсынова
Кенжегүл Тұрсынова. Фото: жеке мұрағат

Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры Дәмежан Садвокасова Nur.kz порталына сұқбат беріп, ведомство әлеуметтік қызметтер жұмысын жаңғыртуды қалай жүзеге асырып отырғанын және қандай нәтижелерге қол жеткізгенін айтып берді.

Дәмежан Төлеубаевна, Қазақстандағы заманауи әлеуметтік қызметтер туралы айтып берсеңіз?

Әлеуметтік қызметтер – бұл арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын жеке тұлғалар сонымен бірге, әр түрлі жекеменшік ұйымдар. Әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызмет көрсететін 931 ұйым бар. Олардың көбі үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек беру бөлімдері.

Әлеуметтік қызмет көрсету саласына жеке меншік секторы жұмылдырылып, еріктілер қозғалысы белсенді дамуда.

Нәтижесінде, әлеуметтік қызметке мұқтаж тұлғалар көрсетілетін қызметтерге байланысты ұйымдарды таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Күндізгі бөлімдер санының артуының арқасында 1000-нан астам бала отбасынан ажырамай қызмет ала алады. Ал олардың ата-анасы жұмысын ары қарай жалғастыра алатын болды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қызметтерді жаңғыртуды қолға алуына не түрткі болды? Қазір қандай нәтиже бар?

2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында ел президенті отбасы және балалық шақ институтын қолдауға, инклюзивті қоғам құруға және әлеуметтік қолдау жүйесін бұдан ары дамытуға бағытталған әлеуметтік саланы жаңғыртудың жаңа кезеңін бекітті.

Осыған байланысты бұдан арғы жаңғырту 4 базалық қағида негізінде жүзеге асырылатын болады. Олар: атаулы сипат, ашықтық, инклюзивтілік және үдерістерді автоматтандыру.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін 2025 жылға дейін бұдан ары жаңғырту бойынша Жол картасының жобасы әзірленді.

Мұқтаж жандарға көмек көрсету тетіктерін дамытуға арналған келесі аспектісі – өтініш берушіден анықтаушы моделіне өту. Қолға алынатын шаралардың тиімділігі ведомствоаралық өзара әрекеттестік есебінен қамтамасыз етілмек. Әлеуметтік қызметтерді жаңғырту мысалдары ретінде еліміздің барлық өңірінде ашылып жатқан «Бақытты отбасы» және «Жанұя» орталықтарын атап өтуге болады.

Бұл орталықтарда дәрігерлер мен психолог мамандардың кеңес беруі ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда (әлеуметтік жәрдемақылар алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т.б.).

Бірақ басты назар, ең алдымен, жеке іс бастау мәселесіне аударылып отыр. Біздің мақсат – тұрғындарды "жалғыз балыққа тойдыру емес, қармақ беріп, оны аулауға үйрету" – ойын жаңа арнаға бұрып, ақша табудың жолдарын көрсету. Оның ішінде жағдайы төмен азаматтарды аталған орталықтарға тарту арқылы жұмыспен қамту.

Дәл осы қағидат негізінде былтыр Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында құрылған орталықтар өз тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, Алматының әр ауданындағы 8 «Бақытты отбасы» орталығы демеушілерді, бизнес менторларды, іскер әйелдер қауымдастығын тарту арқылы несиелік тарихы бұзылған азаматтарға өз ісін ашуға көмектеседі. Нәтижесінде, бір жыл ішінде 36,2 мың адам қамтылды. Негізгі тренингтерден 13,5 мың адам өтіп, тағы 76 мың азамат бизнеске арналған шағын несиелер алды. Сонымен қатар, 817 адамға 200 АЕК көлеміндегі гранттар беріліп, 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Ұсынылып отырған қызмет көрсетулер сапасының төмен болуының негізгі себептерінің бірі - қызметкерлер мен басшылық құрам біліктілігінің жеткіліксіздігі, кейде тіпті мүлдем болмауы. Ал бұған жалақының төмен деңгейі де себеп болуы мүмкін.

Бұл мәселені шешу үшін биылғы жылдың басында 25 мың медициналық-әлеуметтік ұйым қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға артты (8,3 млрд. тг.). Алайда мұның өзі білікті мамандар тарту үшін жеткіліксіз болып отыр. Мәселен, санитарлар 88 мың теңге алады (бұған дейін 68 мың теңге алатын), еңбек өтілі 5-7 жылға тең жоғарғы білімді тәрбиеші 114 мың (жалақы артқанға дейін 88 мың теңге алған), еңбек өтілі 3-5 жыл жоғарғы білімі бар медицина қызметкері – 120 мың теңге (жалақы артқанға дейін 94 мың теңге алған). Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырмақ ниеттеміз.

Биыл біздің ведомство ЮНИСЕФ және Тұңғыш президент қорымен бірлесе отырып, 11 мың әлеуметтік қызметкерді кезең-кезеңімен тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр. Бұл олардың кәсіби біліктілік деңгейі мен алдағы уақытта олардың қандай бағытта білім алатынын анықтау үшін қажет.

Тұтастай алғанда, ЖӨБ ұйымдарының қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы ауқымды жұмыс басталып кетті. Әкімдіктер жыл соңына дейін бейнебақылау орнатуды аяқтап, видеожазбаларды қарау жауапкершілігін бекітуі тиіс. Осы бағытта қазіргі таңда 22-ден астам ұсыныс айтылды. Біз бұл ұсыныстардың жүзеге асырылуын апта сайын бақылап отырмыз.

Мазмұнды әрі пайдалы сұқбатыңызға рахмет!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873684-ajryksa-mamandyk-leumettik-kyzmetter-turaly-ne-bilesiz/