Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпірде пайда болған жыра Петропавл тұрғындарын шошытты (видео)

Опубликовано:

Жыра1
Фото: Видеодағы кадр

Петропавл тұрғындарын Рабочий кентіндегі көпірдің бір жағында пайда болған жыра шошытып отыр. Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысы орталығының тұрғындары көпірдің бір жағындағы терең жарықшақты видеоға түсіріп алған. Қала тұрғындары мұны әлеуметтік желіге жүктеп, жергілікті билікті жағдайға назар аударуға шақырды деп жазады Петропавловск.news.

Петропавл қаласының әкімдігінде айтылғандай, құзырлы органдардың өкілдері оқиға орнына барып, сараптама жүргізгенү.

Олар жақын арада жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, ақауды жоюға кірісетіндерін атап өтті.

Қала әкімдігі сонымен бірге көпірдің құлау қаупі жоқ екенін, сондықтан ол жөнделмейінше жабылмайтынын хабарлады. Соңғы рет көпір 6 жыл бұрын қайта жаңартылған.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы Саин-Рысқұлов көшесіндегі көпірде пайда болған жарық қала тұрғындарының үрейін туғызған еді. Тілші сұранысына жауап берген қалалық мобильдік басқармасы оның деформациялық жік екенін және қанағаттанарлық жағдайда екенін мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, Алматы облысында 15 қыркүйек күні кешке жолаушылар пойызы мен салонында 67 адамы бар автобус соқтығысқан еді. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды.

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Шамалғандағы көпірдің құрылысы 2020 жылы басталатынын мәлімдеген болатын. Алайда ол автобус пен пойызбен соқтығысқан жерде салынбайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874413-kpirde-pajda-bolgan-zyra-petropavl-trgyndaryn-sosytty-video/

pixel